«Маған сырттан үретіндердің қажеті жоқ». Азамат Сатыбалды өзін «Қазақфильмді» автосалонға айналдырды дегендерге жауап берді

Тележүргізуші, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды «ХабарLike» бағдарламасына берген сұхбатында «Қазақфильмнің» автосалонға айналуына қатысты тараған алып-қашпа әңгімеге жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, аталған жер телімі бұған дейін де жалға берілген. 

«Бірінші сұрағым, «Қазақфильмнің» 16 гектар жерінен көлік көрдіңдер ме?

Екінші сұрағым, автопаркте не тұруы керек?

«Қазақфильмнің» 16 гектар жерінің арғы бұрышында 1,5 гектар автогаражы бар. Оның 80 пайызы қаңырап бос тұр. Ол жер маған дейін де жалға берілген. ТБС болған, басқасы болған. Мен ол жер телімін арнайы заңды түрде жалға беру арқылы Қазақфильмнің 10 жұмыскерін қысқартудан аман сақтап қалдым. Менікі дұрыс па, бұрыс па? Егер құжаттың бәрі өтірік, арам болатын болса, мен баяғыда жұмыстан шығып кететін едім. Барлығы заңды, ашық, келіп тексерсін, көрсін, көрді де!» — деді «Қазақфильм» АҚ президенті.

Сонымен қатар, ол «Азамат Сатыбалды «Қазақфильмнің» жерін көлік тұрағына айналдырдырып, айына бір көлік алып тұрады» деген қауесетке қатысты да пікір білдірді.

«Жүйелі сөз жүйесін тапса, жүйесіз сөз иесін қабады» дейді. Мен ешқашан ақталмаймын. Мен ешқандай айына бір көлік алмаймын. Менің тіпті қызмет көлігім де жоқ. Қазір достарымның берген көлігін мініп жүрмін. Сондай-ақ, біреуді қаралау арқылы өзіне хайп жинағысы келген адамдар, жақсылап ойлану керек. Менің алланың және заңның алдында адал, дұрыс жұмыс істеп келе жатқанымды білемін. Менің мақсатым — «Қазақфильмге» қызмет ету және оны кризистен алып шығу, ал сырттан үріп тұратын адамдардың маған қажеті жоқ. Тіпті тілге тиек қылып, сөйлегім де, ақталғым да, оларға жауап бергім де келмейді», — деді ол.

Құрылтай сайлауы күні Алматы тұрғындары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады

Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері 23 тамызда, Құрылтай сайлауы өтетін күні, қаланың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болатынын мәлімдеді.

2026 жылы жалғызбасты ана қалай баспаналы бола алады? 

Толық емес отбасы тұрғын үй кезегіне тұрып, жалдамалы баспана, жалдау ақысын субсидиялау, жеңілдетілген ипотека немесе тұрғын үй сертификаты сияқты қолдау тетіктерін пайдалана алады

Қазақстанға тұрақты тұруға келетіндер саны азайған 

Қазақстанға тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарының басым бөлігі көршілес мемлекеттердің тұрғындары.

Қазақстанда «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы тағайындалады 

Жаңа марапаттар музыка және бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосқан азаматтарға беріледі.

Алдағы төрт жылда қай салаларда жалақы өседі? 

Ұлттық экономика министрлігі жалақыны арттыруға бағытталған шаралар бірқатар саланы қамтитынын хабарлады.