19 бала терроризм туралы жалған хабар таратқан

Полицейлер терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік бар екенін еске салды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қаңтардан бастап Telegram мессенджерінде мектептерге шабуыл жасау қаупі туралы анонимді хабарламалар тарай бастады. Хабарламалар Қазақстанның алты қаласында, яғни Ақтөбеде, Атырауда, Алматыда, Павлодарда, Қарағандыда және Қостанайда келіп түскен. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша соталды тергеу басталды.

«Қазір Алматы, Ақтөбе, Атырау және Павлодар қалаларында таралған хабарламаларға ТМД елдері азаматтарының қатысы бар екені анықталды. Шетелдік әріптестермен олардың қылмыстық әрекеттерін әшкерелеу бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Алайда тергеу мүддесіне байланысты біз әзірге бұл дерек бойынша толық түсініктеме бере алмаймыз. Сондай-ақ, Қарағанды және Қостанай қалаларында шабуыл жасау қаупі бар хабарламалардан кейін кәмелетке толмағандардың Telegram-арналарын ашқаны анықталды. Олар бұрын таратылған хабарламалардың мәтінін көшіріп, оқу орындарының фотосуреттерін орналастырып, өз мектептерінің чаттарына жалған ақпарат жолдаған. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласы №15 орта мектебінің жетінші сынып оқушысы және Қостанайдағы №3 мектеп-гимназиясының төртінші сынып оқушысы анықталды. Олардың қылмыстық жауапкершілік жасына жетпегені ескеріліп, ата-аналары бала тәрбиесіне көңіл бөлмегендері үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ, сот шешімі бойынша олар жедел қызметтерді жалған шақыртуға және білім беру объектілерін тексеруге байланысты мемлекетке келтірілген залалды өтейтін болады. Шығын көлемі екі миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін», — деді ІІМ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы Альбина Махамбетова.

Терроризм актісіне дайындық туралы көрінеу жалған хабарлама үшін 5 мың АЕК мөлшерінде, яғни 18 млн теңгеден аса айыппұл не болмаса 5 жылға бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылады. 

«Былтыр полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бойынша 215 қылмыстық іс қозғады. 43 адам анықталды, оның 19-ы кәмелетке толмаған, 7 адам сотталды, оның ішінде 2-уі кәмелетке толмаған. Әрбір осындай дерек бойынша жан-жақты тергеу жүргізіледі», — деді Альбина Махамбетова.

Енді әріптесіңіздің орнына жұмысын істесеңіз қосымша ақша төленеді: Еңбек кодексіндегі өзгерістер 

Маманның сөзінше, заң енді қызметкердің жағында. Оны пайдалана білу керек.

Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр 

Импорттық кедендік баж нөлге дейін төмендетіліп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету үшін жанармай экспортына қойылған шектеулер сақталады.

Алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады 

Соңғы 3 жылда тек Астанада ғана 200 журналист баспаналы болды.

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі