Пәтер иесі пәтерді жалға алушыларды тіркеуге міндетті ме?

Пәтерді жалға беру – бизнестің кең тараған түрі. Пәтерді жалға алған кезде оған тіркелу міндетті ме? Пәтер иесі тіркелуге рұқсат бермесе, не істеу керек? Бұл сұрақтарға заңгер Надежда Гельдт жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» заңы бойынша ішкі көшіп-қонушылар — Қазақстан Республикасының ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық ауыстырған жеке адамдар. Мысалы, азамат Астанадан Алматыға уақытша көшіп келсе немесе жұмыс істеуге келсе, ол ішкі көшіп-қонушы болып саналады.

«Бұл Заңның 51-бабына сәйкес ішкі көшіп-қонушылар ішкі істер органдары айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге міндетті», — дейді Надежда Гельдт.

Пәтер иесі физикалық тұлғаны тіркеусіз тұрғызса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Бұл жағдайда пәтер иесі мынадай сомада айыппұл төлеуге міндетті:

Физикалық тұлға – 10 МРП (36 920 теңге);
Кәсіпкерлік субъектілері – бизнес субъектісінің түріне қарай 15 МРП-ден 50 МРП-ге дейін (55 380 теңгеден 198 100 теңгеге дейін).

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...