12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АИТВ инфекциясы және қоғам

АИТВ/ЖИТС мәселесі біздің қазіргі сана деңгейімізде өте үлкен, бақыланбайтын және шешілмейтіндей көрінетіні соншалықты, біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде ЖИТС-қа берілетін жауап — оның бар екенін мойындағымыз келмейді. Керек десеңіз, бүкіл әлем бойынша адамдардың еркін қозғалуы мақсатында есірткі қолданатындар, тәнін саудалайтындар сияқты АИТВ тарататушылар үшін шекараларды жабу туралы ұсыныстар айтылды. Мұндай ұсыныстар адам денсаулығын қорғау емес, қауіпті қылмыскерді ұстау дегендей әсер береді. Ал біздің басты мәселеміз халықтың денсаулығы болуы тиіс. Қазіргі кезеңде жастар арасында түрлі жұқпалы аурулар кең етек алуда. Солардың бірі Адамның иммундық тапшылық вирусы (АИТВ) немесе жұқтырылған иммундық тапшылық синдромымен (ЖИТС) сипатталатын өте ауыр ағымды жұқпалы аурудың қоздырғышы болып табылады.

Алғашқыда вирус қоздырғышы ағзаға енгеннен кейін клеткалар бетіне сорылып, біртіндеп клетка ішіне ауысады және ұзақ уақыт адам организмінде жасырын сақталады. Организмге қолайсыз факторлар әсер еткенде вирустың белсенділігі артып, көбейеді. Нәтижесінде адамның клеткалық иммунитет жүйесі бұзылып, әртүрлі инфекцияны тез қабылдағыш болады. Осы аурумен ауыратын адамдар бар кезде бұл тақырып әрдайым қозғалады. Бұл инфекцияны жұқтырмау үшін үнемі дұрыс ақпарат керек. АИТВ емдеуде соңғы жылдары медицина жақсы жақтарымен көріне бастады. Бірақ толықтай жетістікке жеттік деп мақтануға әлі ерте.

Қазір жалпы қоғам болып бұл індеттің алдын алу шараларын насихаттау арқылы күресіп келеміз. Әсіресе жастар арасында көбірек үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ:

1. Қауіпсіз жыныстық қатынас.

2. Есірткі тұтынудан бас тарту.

3.АИТВ –жұқтырған ана босанғаннан кейін баланы емізбеу керек.

Көпшілік бұл ауруды осал топтың ауруы, бізге қатысы жоқ деп есептеуі мүмкін. Жастардың күші осы ауруды жеңуге жетеді, бірақ өкінішке орай, қазіргі таңда жиі ауыратын адамдар арасында 25-30 жасқа дейінгі жастар көптеп тіркелуде. Олар ауруды көбінесе жыныстық жолмен жұқтырады.

АИТВ мәселесі қазіргі уақытта жастардың қолында. Сондықтан жастарға айтарымыз зиянды әдеттерден аулақ болып, жат қылықтардан бойымызды алшақ ұстайық.Бір мезеттік сезімге беріліп, өмір бойына бармағымызды тістеп қалмайық. Жеке бастың гигиенасын сақтап, спортпен шұғылданып, таза ауада серуендеп ағзамызды нығайтып дені сау ұрпақ әкелуге, саналы ұрпақ тәрбилеуге ат салысайық. «Жұқтыру немесе жұқтырмау–тек қана өзіңе байланысты». Аурып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейік. Тек осындай жолмен ғана адамзат өз денсаулығы мен өмірін қорғай алады.

Алматы облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы  

Нұрлыбаев С.С

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...