Bank RBK-нің экс-басшысы Игорь Мажинов қайтыс болды

Танымал кәсіпкер, «Қайрат» АФК қамқоршылық кеңесінің төрағасы Игорь Мажинов 52 жасына қараған шағында көз жұмды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы «Қайрат» АФК әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Игорь Мажинов жүрегіне ота жасалып жатқанда қайтыс болған. 

Айта кетейік, Игорь Мажинов 1972 жылы 24 ақпанда дүниеге келген. Ол — Экономика ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясында кандидаттық диссертация қорғаған.

Игорь Мажинов әр жылдары Vertex ААҚ, «Альянс Банк» АҚ, «Достық қонақ үйі» АҚ, «ХОЗУ корпорациясы» ЖШС-ында басшылық қызметтерді атқарған. «Bank RBK» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Ол «Мегаспорт» футбол клубын («Астана» ФК) ұйымдастырушылардың бірі болған еді. БАҚ мәліметінше, ол танымал кәсіпкер, «Казахмыс Холдинг» президенті Владимир Кимнің күйеу баласы. 

Еске салайық, Игорь Мажинов Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген еді.  

«Қарасора-2026»

В РАМКАХ ПРИНЦИПА «ЗАКОН И ПОРЯДОК» В РЕГИОНАХ НАШЕЙ...

«Адамзаттың Абайы»

НЕ СЕКРЕТ, ЧТО ИМЯ ВЕЛИКОГО АБАЯ ЗАНИМАЕТ В КУЛЬТУРЕ...

Осень делает нас опаснее?

ОСЕНЬ ПРИХОДИТ НЕ ТОЛЬКО С ХОЛОДОМ, ДОЖДЯМИ И БОЛЕЕ...

2026 жылы жалғызбасты ана қалай баспаналы бола алады? 

Толық емес отбасы тұрғын үй кезегіне тұрып, жалдамалы баспана, жалдау ақысын субсидиялау, жеңілдетілген ипотека немесе тұрғын үй сертификаты сияқты қолдау тетіктерін пайдалана алады

У каждого голоса – свой участок 

До выборов депутатов Курултая в Казахстане осталось немного времени....