12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы

Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады» деген есті  Бүгінде Еуразияның ең бай да бірегей мәдениетінің қатарына қазақ мәдениетінің де кіргендігі біз үшін үлкен мақтаныш. Дана халқымыз: «Өнер – ұлттың жаны» деп бекер түстемесе керек. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасы Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсаты «Тұрақты қалалар мен елді мекендер»,университеттің «Айналаңды нұрландыр»жобасы аясында білім алушылармен мәдени орталарға баруды жөн санадық.Бірінші кезекте,Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен «Құлагер» қойылымын көрдік.Туынды өзінің сырға толы лири­ка­лық әндерімен хал­қының жүрегінен орын алған композитор Ақан Қорамсаұлының өм­ір-тағдыры да «Сүйегі жа­н­­­уа­р­дың жылқыдан жат…» деп суреттелген Құ­ла­­­­ге­рі­мен байланысты. Сюжеттік құ­ры­лы­мы мен баяндау мәнері, Ақан трагедиясының бейне­ле­ну шеберлігі жөнінде орны бөлек І.Жансүгіровтің «Құла­гер» поэмасы желісінде болды. Көріністе «басқан жері ойылып, шұң­қыр болып қалатын» Құла­гердің ерекше шабысы көрерменнің рухын оятып, тұлпарлар тұя­ғы­ның дүбі­рі І.Жансүгіров мә­ті­нінің сах­налық жанды үлгі­­сін көр­сет­ті.Білім алушыларға халқымыздың  отан­шыл­дық рух, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны таразылай­тын адам бойындағы  өлшем, әділдікті ту еткен ха­лық тағдырының шынайы бей­несі анық байқалды. «Театр — ең бекзат өнер» деген ұлы­лар сөзінің дәлеліндей  мәдениет мекенінің тіршілігі заманмен бірге дамып келе жатқаны қуантты.

Жоғарыда аталып өткен жоба негізінде,Алматы қаласында орналасқан Орталық музейге баруды ұйғардық. Тарихсыз болашақ жоқ Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы Қазақстанның тарихқа дейінгі дәуірінен бүгінге дейінгі тарихын қамтиды. Мамонт қаңқалары, ұлттық киімдер мен ат ер-тұрмандары, Екінші Дүниежүзілік соғыстан қалған зеңбіректер — мұражайдағы экспонаттардың әрбірінің өзіндік тарихы бар. Тәжірибелі экскурсия жетекшілері қызыққан тыңдаушыға олар туралы жалықпай әңгімелейді. Қор коллекциясынан 300 мыңнан астам элементті көруге болады.Мәдени және тарихи мұра – бұл әлемнің әр халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың баға жетпес және орны толмас байлығы. Білім алушылар рухани ошақтарға бару арқылы халқымыздың тарихы бай екенін түсінді.Ұлттық құндылықтарды қастерлеп,қадірлеуді түсінді деп ойлаймыз.

Ережепқызы Роза

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы,phd

Чжан Сяохуэй

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушысы

В области Абай продолжили работу по профориентации молодежи с выездом

В области Абай сотрудники уголовно-исполнительной системы проводят работу по...

Абай облысында жастарға кәсіби бағдар беру жұмысы ауылдарға шығу арқылы жүргізілуде

Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері, жастарға кәсіби бағдар беру...

Зеренді төрінде – жас дебатерлерге арналған бірегей Академия

2025 жылдың 9–13 маусым аралығында Ақмола облысы, Зеренді ауылында...

ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Соттағы реформалардың артықшылығы мен тиімділігі жыл өткен сайын айқындалады....

ӨМІРІ – ӨНЕГЕ, ІСІ – ҮЛГІ

сот жүйесінің ардагері Рысалды Оспанова туралы ой-толғау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті...