Жеке құрам басты назарда

2024 жыл ІІМ-де кадр жұмысын жандандыру негізінде Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің кадр жұмыс тобынының аға инспекторы әділет капитаны Д.Шахи мекеменің жеке құрам қызметкерлерінің отбасындағы тыныс тіршілікпен танысты.

Басты мақсат: қызметкелердің жанұядағы психологиялық жай күйін білу, тұрмыстық жағдайларына қарай, жемқорлыққа деген тәуекелдерін бағалау үшін, зерделеу жұмыстары мен қадағалау негізінде жұмыстар жүргізілуде. Мекемедегі жеке құрамның қызметтік міндетінен бөлек, олардың қызметтегі моральдік-психологиялық көңіл-күйінің жоғарғы деңгейде болуына қызметкерлеріміздің әлеуметтік тұрмыстық жағдайының игі әсері бар.

Апта басында алдымен, жас жеке құрам мүшелерінің тұрмысымен танысып, тұрмыстық жай күйін көзбен көріп, ата-анасы, жұбайлары арасындағы қарым-қатынасты бағамдап қайттық.

Мекеменің Режим және күзет бөлімінің бақылаушылары әділет кіші сержанты Қыпшақ Нұрхан мен Досымбай Қобыландының үйлері тексерілді. Бірі отбасылы болса бірі отбасын құрмаған. Жеке құрам қызметкерлері қала ішінде өз отбасыларымен бірге тұрады. Мекеменің кадр жұмыс тобының аға инспекторы әділет капитаны Д.Шахи тексеру барысында бақылаушылардың отбасымен тығыз қарым-қатынаста екендігін,  қауырт қызметтің санаға салмақ салар сәтінде отбасының психологиялық тұрғыда қолдау көрсететінін аңғарды.

Жеке құрам қызметкерлері қызметтен тыс уақытта да, ішкі істер органдары қызметкеріне тән әдеп нормаларын сақтап келеді. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерінің тұрмыс тіршілігін қадағалау және кадр қызметін жандандыру сапасы бұдан әрі жалғасын таппақ.

Меры предосторожности в летний период

НАЧАВШЕЕСЯ ЛЕТО ПРИНЕСЛО СПЕЦИФИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ И РИСКИ, СВЯЗАННЫЕ ИМЕННО...

Почему соцсети делают нас несчастнее? 

ЕЩЕ ДЕСЯТЬ-ПЯТНАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ ВОСПРИНИМАЛИСЬ ИСКЛЮЧИТЕЛЬНО КАК...

«Безопасность начинается с себя» 

С началом купального сезона в столице усиливается профилактика происшествий...

Совершенствование правовых механизмов 

С момента обретения Независимости Республика Казахстан последовательно реализует курс...

Связь времен и поколений

Алматинский городской суд ведет работу по созданию исторического музея,...