Алаяқтық жасағаны үшін сот залынан қамаққа алынды

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4)-тармағымен сотталушы С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы С. алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Бастау-Бизнес» мемлекеттік жобасынан 1 380 000 теңге мөлшерінде «қайтарымсыз грант» алу үшін сертификат пен бизнес жоспарын тез дайындап беремін деп сотталушының қылмыстық пиғылынан бейхабар болған 19 жәбірленушінің әрқайсынан шамамен 150 000 теңге көлемінде ақшасын жымқырған. Барлығы жәбірленушілерге 3 900 000 тенгеге материалдық залал келтірген.

Сотталушы С. кәмелетке толмаған балаларының мүдделерін ескермей, қылмыс жасаған уақытта қылмыстық жауапқа тартылатынын біле тұра, жас балаларының тағдырына немқұрайлықпен қарап, қасақана әрекетімен,  яғни 2 айдың ішінде 19 жәбірленушінің мүліктерін алаяқтық жолмен жымқырған, қылмыспен келген залалды толығымен төлемеген, сондай-ақ, бұдан өзге де 6 жәбірленушіге қатысты осы уақыт аралығында алаяқтық қылмысын жасаған деп күдіктелген қылмыстық ісі бөлектеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Басты сот талқылауында сотталушы С. өз жауабында, кінәсін толық, яғни жәбірленушілерге қатысты алаяқтық жасағанын толық мойындап, жәбірленушілердің ішінара ақша-қаражатын қайтарғанын көрсетті.

Сот үкімімен сотталушы С.  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталған С. сот залынан қамаққа алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...