12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өз тілімізді құрметтеу парыз

Тәуелсіздігіміздің тірегі, ұлтымыздың негізі – мемлекеттік тіліміз. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы бері, қазақ тілі де бірге өмір сүріп келеді. Алдағы уақытта да анамыздың ақ сүті, әлдиімен бойымызға дарыған мемлекеттік тіліміздің тамыры тереңге жайылып, мәңгілік өмір сүруі үшін біз де үлес қосуға тиіспіз деп білемін. Себебі, мемлекеттік тіліміз – ата-бабамыздың аманаты, қазақ ұлтын өзге ұлттардан даралайтын құрал, болашағымыздың басты кепілі. Егемендік алып, шаңырағымызды тіктегелі мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биік етіп,  жан-жақты дамыту басты назарда. Ата Заңымыздың алғашқы баптарының бірінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады», — деп көрсетілген. Алайда, тілдің тірегі өзіміз екеніне қарамастан, өзге тілде сөйлеуге құмар екеніміз ащы болсада шындық. Мәселен, соттағы тәжірибеге көз жүгірстек, әлі де болса өз қазағымыздың орыс тілінде арыз жазуы тоқтамай келеді. Тіпті, сотқа орыс тілінде талап қою бергеніне қарамастан, сот отырысы үстінде орыс тілінде ойын түсіндіре алмай, әлекке түсетін тараптардың да кездесетіні жасырын емес. Өкінішке орай, бүгінгі күні қазақтың дауын қазақ болып орысша шешіп келеміз десем артық айтқандық емес. «Баяғы жартас – сол жартас», — деп Абай атамыз айтпақшы мұның себебіне үңілсек, адвокаттардың көпшілігі  мемлекеттік тілде талап арыз беруге келгенде құлықсыздық танытып жатады. Олар мұндайда мемлекеттік тілде мәліметтің аздығын, көпшілік құжаттардың қазақ тіліндегі нұсқасының түсініксіздеу екенін алға тартады. Сондай-ақ, өңірде экономикалық сотқа заңды тұлғалар тарапынан  талап қоюлардың басым көпшілігі орыс тілінде берілуде.

 Жалпы елімізде өткізіліп отырған сот процестерінің 70 пайызы орыс тілінде екен. Бұл туралы  Жоғарғы сот төрағасы А.Мерғалиев «Өкінішке орай, сот процестерінің 70 пайызы орыс тілінде. Тіпті кей өңірлерде, мәселен, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары мен Алматы соттарында қазақ тілінің үлесі 5 пайыздан аспайды. Бұл жерде мәселе тек соттарда десек, қателесеміз», — деген еді.  Елімізде  заңдар әуелі орыс тілінде әзірленіп, қазақ тіліне аударылып жатады. Ол аудармалардың сапасы сын көтермейді. Бүгінгі таңда тура мағынада  аударылып, терминдер жиі қолданылған  қазақ тіліндегі заңнамаларды оқып-түсіну кез келген адамға қиындық тудыруда. Кейде қазақ тіліндегі заңнаманың түсініксіз жазылғандығы сондай бірнеше рет пысықтауға тура келеді. Сондықтан, көпшілік алдымен заңдардың орыс тіліндегі нұсқасына жүгініп жатады.

Бүгінгі таңда соттарда сот-құқық жүйесіндегі қазақ тілінің мәртебесін көтеру мәселелері күн тәртібінен түкен емес. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылатындығы көрсетілген. Сондай-ақ, сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленіп,  азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы. Салтын құрметтеп, дәстүрін сақтаған Маңғыстау соттарында  шығыс, ішкі құжаттар мемлекеттік тілде жүргізіліп келеді.

Мемлекет басшысы «Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл — қазақ тілі», — деген еді. Сондықтан, мемлекеттік тіліміздің тұғыры биік болуы үшін қазақ тілінің дәнін балаларымыздың бесіктен бойына егіп, балабақша, мектепте санасына сіңіре білуіміз қажет деп ойлаймын. Заманның ағымы үшін өзге тілдің бәрін біліп, өз тіліміздің құрметін асыра берейік.

Арыстанбек Бекболатов,

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...