spot_img
spot_img

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді медиация тәртібімен реттеу

Бәрімізге мәлім, 28.01.2011 жылы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданған болатын. Аталған заңмен тараптардың көңілінен шығатындай қоғамда туындаған дауды шешу мақсаты көзделген.

Кейінгі кездері медиация рәсімін жүргізу сот саласында кеңінен қолдануда. Жалпы, тараптар арасында туындаған дауды шешудің ең жақсы, тиімді тәсілі — дауды бітімгершілікпен шешу екендігі мәлім.

Татуластыру рәсімдерін жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексімен (әрі қарай-ҚК), Азаматтық процестік кодексімен (әрі қарай-АПК), Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен (әрі қарай-ӘРПК) және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен (әрі қарай-ӘҚБтК ) қарастырылған.

Тіпті «Сотқа дейін татуласу» деген ұғым да заңмен белгіленген, яғни бұл деген дауды (жан-жалды) соттың қатысуынсыз, сотқа жүгінбей-ақ тараптар дауды өзара шеше алады деген сөз.

Өз кезегінде тараптар сотқа жүгінген уақытта азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді өндіріске қабылдау және қарау кезінде де, жүргізіліп жатқан өндірістің кез-келген сатысында келісіммен аяқтай алатынын ескеру қажет.

Мәселен, азаматтық сот өндірісіне келетін болсақ, талап арыз сотқа түскен сәттен бастап оны сот шешімі шығарғанға дейін азаматтық іс бойынша тараптардың татуласуға мүмкіндіктері бар.

АПК–і 48-бабының 1-тармағына сәйкес, талап қоюшы талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы, жауапкер талап қоюды тануға құқылы, тараптар істі осы Кодекстің 169, 170, 171-баптарында және 17-тарауында көзделген қағидалар бойынша татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады.

Сондай-ақ, АПК-нің 277-бабының 6-тармағына сәйкес, сот, егер тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе, iс бойынша іс жүргізу тоқтатылады.

Ал, қылмыстық процесс барысында медиацияны, татуластыру рәсімдерін жүргізу тараптар қол жеткізген дау-дамайды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған тұлғаның жәбірленушімен татуласуы жолымен дау-шарды реттеу туралы келісімді білдіреді.

Келісім ҚПК-нде көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын немесе оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жай болып табылады.

Әрине, медиацияны қылмыстық істердің барлық санатына қолдануға жатпайтынын ескеру қажет, яғни онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және де сотқа дейінгі дауларды шешуге, сонымен қатар атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар бойынша қолданып, ме­диаторлардың қарауына беруге бо­лады.

Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 64-бабына сәйкес, ӘҚБтК-нің 73-бабында көзделген істер әкiмшiлiк iстер жәбiрленушiнiң арызы бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласқаннан кейiн тоқтатылуға жатады. Татуласу жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға қол қойған жазбаша келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.

Яғни, істер бойынша жәбірленушілер татуласып, құқық бұзушымен жанжалды реттеу туралы мәлімет жасап, сотпен аталған әкімшілік істер бойынша іс жүргізу тоқтатылады.

Міне, көріп отырғандарыңыздай, қазіргі уақытта татуласу, бітімгершілік рәсімінің аясын кеңейтіп, азаматтардың дауды сотқа дейін реттеп, қоғамдағы шиеленістерді төмендетуге оң ықпал ететін «Медиация туралы» Заңы екені даусыз. Әсіресе, медиация арқылы тараптардың татуласуы судьяларға түсетін жүктеменің де төмендеуіне әсерін тигізетінін аса атап өту қажет.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

Думан Болатұлы Мәуленов

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...