Қазақстанда 90-жылдардағы ұйымдасқан қылмыстық топтың соңғы мүшесі ұсталды

Ақмола облысының полицейлері 26 жылдан кейін, 90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы қатысушысын ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Банда мүшелерінің есебінде төрт адамды өлтіру, жүргізушілерге жасалған тонау шабуылдары, экономикалық контрабанда және билік өкілінің немесе лауазымды тұлғаның атағын өз бетінше тағайындау деректері бар. 6 адамнан тұратын топ қылмыстарды 26 жыл бұрын жасай бастаған.

«1998 жылдан бастап милиция қызметкерлерінің нысанды киім-кешектерін киіп алып, автоматты атыс қаруымен қаруланған қылмыскерлер қала сыртындағы автожолдарда жезлдің көмегімен автокөліктерді иемдену мақсатында тоқтатып, жүргізушілер мен олардың жолаушыларын атып тастайтын. Денелерді орман алқаптарына көму арқылы жойып, ал автокөліктерді заңсыз сатқан.

1999 жылы банданың төрт мүшесін полиция қызметкерлері ұстады. Кейіннен сот үкімі бойынша, олардың екеуі өлім жазасына, екеуі ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылды», — делінген хабарламада.

Топтың бір мүшесі құжаттарды, тегін, атын, әкесінің атын және туған жылын заңсыз өзгерткен, түрін өзгерткен және 26 жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.

«27 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары мен ұзақ әзірлемелердің нәтижесінде топтың соңғы қатысушысы Көкшетауда ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу рәсімдері жүргізіліп жатыр».

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...

Алакөлге кел, ағайын!

Алакөлдің Жетісу облысы аумағындағы демалыс орындары биыл 2 млн-нан...