12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызмет – ел айнасы

Мемлекеттік қызметкерге жүктелетін міндет жоғары. Қазіргі таңда қоғам талабы зор. Осы талапқа сай мемлекеттік қызметкер ең озық, ең білімді, бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Көпшілік түсінігінде бұған дейін мемлекеттік қызметшіге қатысты көптеген жағымсыз пікірлер айтылды, бюрократиялық саты есебінде теріс көзқарас қалыптасты. Алайда, елдегі соңғы жылдардағы өзгерістер бұл түсінікті мүлдем терістеді. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметкер мемлекет айнасы есебінде қабылданып келеді. Оларға қойылатын талап пен жүктелген жауапкершілік жоғары. Бұл қызметтегі кез келген маман көптеген іріктеу сатылары арқылы өтіп, өзін кемелдендіруде. Көпшілікпен қарым-қатынас, коммуникациядан басталатын мемлекеттік қызмет сол саладағы кез келген маманнан кәсіби-тұлғалық образды талап етеді.

Ел президенті Қ.Тоқаев : «Халқымыздың сана-сезімі, құндылықтары түбегейлі жаңаруы керек. Сонда ұлттың жаңа сапасы қалыптасады” деген еді. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі осы тұрғыда сапалы кадрға лайық бүкіл талап үдделері шеңберінде дайындалды. Онда мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы, білім-біліктілігі, өзін ұстауы, елмен қарым-қатынастағы ізеттілігі, жұмысына жауапкершілігі тоғысқан. Осы талап негізінде қазіргі таңда сот саласында қоғамның сұранысына жауап бере алатын мамандар қалыптасты дей аламыз. Сот саласы әділ төреліктің орталығы, біліктілік пен құқықтық сауаттың шыңы. Ендеше, ондағы әр маманның басқаша болуы мүмкін емес.

Мемлекеттік қызметші беделі оның өмірлік орнын айқындайды. Кез келген қиындықтан жол табу, азаматтарды тыңдай білу, екіжүзділік пен өтіріктен аулақ болу, әдемі, сауатты сөйлеу оның қызметтіндегі негізгі құндылықтар. Егер кез келген мемлекеттік қызметтегі маман осы қасиеттерді меңгерсе ел игілігіне, мемлекет беделіне адал, лайықты қызмет ете алады. Көркем мінез қай салада болса да мемлекеттік қызметкерге жаңа көкжиектер ашады.

Ақбота Ерік, Алакөл аудандық соты әкімшісінің бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...