Қызылордада жемқорлыққа қарсы волонтерлер 10 млн теңгеге бюджет қаражатын үнемдеді

Қызылорда қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еріктілері Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-мен ұйымдастырылған бюджеттік бағдарлама бойынша 3068 дана А4 форматты «Кеңсе жабдығына арналған қағазды» (бір данасы 3 500  теңгеден) барлығы 10 738 000 теңгеге, сонымен қатар «Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» 2 500 дана дәл осындай тауарды (бір данасы 3 800 теңгеден) барлығы 9 500 000 теңгеге сатып алу жоспарланғанын анықтады.

Волонтерлердің бастамасы бойынша Департамент  тиісті ұсынымдар енгізді, нәтижесінде аталған ұйымдар тауардың 2023 жылғы баға көрсеткішімен есептегенін және ағымдағы жылғы тауар бағасымен қайта жоспарланатыны жөнінде хабарлады.

Осылайша, шамамен 10 млн теңге сомаға бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...