ҚАЖ саласында жыл қорытындысын жасау мақсатында жедел кеңес өтті

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ  департаментінің бастығы, әділет полковнигі  Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы  Жедел кеңес өткізіп, өткен жылды қорытындылады.

Жедел кеңес жұмысына ҚАЖД және ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары, қалалық, аудандық пробация қызметтерінің бөлім бастықтары қатысты.  Жедел кеңесте Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел-қызмет жұмысының 2023 жылдың 12 айында жұмыс қорытындылары туралы департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі М.Нәкенов пен департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері, мекемелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарға және пробация қызметінің жұмысына тоқталып өтті.

 Ішкі істер органдары жүйесін реформалау бойынша Мемлекет басшысы  қойған міндеттердің  жүзеге асырылуы, ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмаларын орындау және  Қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың құқықтық және ұстау жағдайын жақсартуға, цифрландыруға және жүйенің ашықтығына бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқандығын баяндады.

Сонымен қатар, жедел кеңестің жалғасы №68 мекемесінде департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың төрағалығымен ұласты. Ең алдымен, мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Р.Тілеумұратов өз кезегінде мекемедегі 12 айда атқарылған қызметтері мен жасаған игі істері жайында баяндама оқыды. Сондай-ақ, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров 2024 жылға тың жоспарлар ұсынып, мекеме басшысы мен орынбасарларына және бөлім бастықтары мен жеке құрамға біршама тапсырмалар беріп, тыңғылықты орындауды тапсырды.

Судья әдебі – кәсіби жауапкершіліктің маңызды бөлігі.

Судья – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың құқықтары мен...

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...