ҚАЖД мекемесінде өткен жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде 2023 жылда арқарылған жұмыс нәтижесіне қорытынды жасалды. Жиынды департамент бастығы әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы ашып, мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынбек Тұрарбекұлы жыл қорытындысы бойынша жедел-қызмет жұмысының қорытындысы туралы баяндады.

Жедел кеңеске №60 мекеме бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы, 5547 әскери бөлімінің штаб бастығы-бөлім командирінің орынбасары А.С.Асқарбеков, «Еңбек-Қызылорда» филиалының директоры С.Кенжебеков, 5-ші басқарманың жедел уәкілі Р.Болғынбаев, №9 Кәсіптік колледж директоры А.Ертелеуов, №6 Кәсіптік колледж директоры А.Досмаханова, №7 Кәсіптік колледж директоры Б.Кенбаев пен жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Жедел кеңес барысында департамент бастығы әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы 2023 жылда әр бөлімнің атқарған нәтижелі істері мен кем-кетік тұстарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, сапалы жұмыс нәтижесін көрсетіп, Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, лудомания, есірткі затын қолданбау, үздіксіз бейнебақылау жұмыстарына, қызметкерлердің бейнетіркегіштерді міндетті пайдалануына және сотталғандардың электрондық өтініштерін беру үшін терминалдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге аса мән беру керектігі туралы айтып өтті.

Жедел кеңесті қорытындылаған департамент бастығы мекемеде ауқымды жұмыстар жүргізілгеніне тоқталып, жұмыс барысында ешбір кемшіліктің орын алмау керектігі жөнінде ескерту берді.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...