12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот кабинеті

Қазіргі уақытта ғылым мен техника қарыштап, дамыған елдерде қағазбастылықтан арылып, электронды сот өндірісіне көшуде. Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру мақсатында көптеген реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде қойылған сот жүйесінің жұмысының сапалы жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы мақсаттарды орындауы бойынша ҚР Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» электрондық сервисі іске қосылды.

Сот кабинеті — бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

«Сот кабинеті» электрондық сервисіның басты ерекшелігі — барлық сот инстанцияларына арыздар мен өтініштерді электронды түрде жолдауға мүмкіндік береді, азаматтардың уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. «Сот кабинеті» арқылы мемлекеттік бажға онлайн-төлем жүргізіледі, істің өту кезеңдері қадағаланады, оның көмегімен сот құжаттары мен хабарламаларды жедел алуға болады.

Бұл сервис азаматтардың, ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжатын жолдауына, арыз-шағымдарын қашықтықтан  беруіне  және  сот процесіне қатысушылардың  іс  жүргізу кезінде қабылданған  сот  актілерімен және басқа да қажетті  ақпараттармен  танысуға  мүмкіндік береді.

Электрондық сот төрелігі құқықтық мәдениетті тәрбиелеуде, азаматтық қоғам құруда, сот билігінің беделін нығайтуда, судья жұмысының сапасын жақсартуда жаңа кезең және сенімді қадам бола отырып, объективті ақпаратты уақтылы алуға мүмкіндік береді.

Тараз қаласының  мамандандырылған

тергеу сотының бас маманы 

А.Б. Толентаев

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...