Қазақстанда зейнеткерлерге салынатын салық алып тастала ма? Үкімет жауабы

Премьер-министр Әлихан Смайылов БЖЗҚ-дан жинақталған зейнетақы қаражатын алу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) алып тастау туралы ұсынысқа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы сенатор Бекболат Орынбековтың сауалына берген жауабында қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, жеке табыс салығы азаматтардың барлық табысына 10 пайыздық мөлшерлемемен есептелетінін айтты. Салық кодексінің 326-бабына сәйкес салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерге БЖЗҚ және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан түсетін төлемдер жатады.

Зейнетақы төлемдерінен ұсынылған сомаларды жеке табыс салығынан босату айтарлықтай бюджет шығыстарына әкеп соғатыны (2023 жылы 13,464 миллиард теңге, 2022 жылы 14,087 миллиард теңге) айтылды.

«Сонымен қатар, туындап отырған мәселе халықаралық тәжірибені зерделеуді және талқылауды талап етеді. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Осы жұмыс аясында зейнетақы жинағын беру кезінде жеке табыс салығын алып тастау мәселесі жан-жақты қарастырылады», — деп түйіндеді Смайылов.

Апостильдің халықаралық құқықтағы маңызы

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмысқа орналасуы, некеге...

Кассациялық сатыдағы іс жүргізудің ерекшеліктері

Кассациялық саты – сот төрелігі жүйесіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз...

Конституция – әділетті қоғамның негізі

Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі және...

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...