Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №70 мекемесі және Қазақ – Орыс халықаралық университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум құрылды.
Меморандумның мақсаты — аталған оқу орынының түлек студенттерін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №70 мекемесінің бос орын лауазымдарына жұмысқа шақыру, сондай-ақ оқу орынының колледж студенттерін ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі факультетіне оқуға шақыру үшін өзара бірқатар іс-шараларды атқару болып табылады.


