Костенко шахтасындағы апат: 9 лауазымды тұлға қамауға алынды

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасындағы апатқа байланысты 9 лауазымды тұлға күдікті ретінде танылып, қамауға алынған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. 

«Салдарынан 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы жарылыстарды тергеу аяқталуда. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті ретінде танылып, қамауға алынды. Мемлекет активтерін 100 млрд теңгеге жымқыру фактілеріне баға беріліп жатыр. 2023 жылдың қаңтарынан бастап азаптауды тергеу арнайы прокурорлардың айрықша тергеуіне жатқызылды», — делінген хабарламада. 

«Жұмыс беруші кінәлі». Костенко шахтасында тергеу аяқталды

Еске салайық, бастапқыда Костенко шахтасында 7 адам қаза тапқаны белгілі болды.Артынша қаза тапқандар саны 46 адамға жетті. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін «АрселорМитталТеміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...