Жазасын өтеушілерді бостандыққа дайындау жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінің психолог маманы Ақгүл Аманова жазасын өтеушілермен психологиялық жұмыстарды үздіксіз жүргізеді. Бас бостандығынан айырылған азаматтарды бостандыққа қайта дайындап,түрлі тренингтер,дәрістер өткізеді. Психолог маманның айтуынша жаза басып жаңылып, бас бостандығынан айырылып, төрт қабырғаға қамалдым деген оймен азаматтарда өмірдің мәні жоғалып, жабығу, жабырқаңқылық сезімі пайда болды. Осы азаматтарды бостандыққа қайта дайындап, өмірге бейімдеу мен оңалту жұмыстарын жүргіземіз. Апта сайын тренингтер өткізіп, жеке қабылдап психокоррекциялык жұмыстарын жүргізіп, кеңес береміз»- дейді психолог маман Ақгүл Аманова.

Абайсызда қылмыс жасап, темір торға тоғытылып, отбасымыздан жырақта болғанымызды ойлап жанымыз ауырады.Сондай кезде психолог маманның қабылдауында болып, психологиялық көмек аламыз. Дәрістерден, тренингтен өмірге деген көзқарасымыз өзгеріп,тезірек бостандыққа шықсақ деген арманымыз пайда болады. «Отбасы құндылығы » тақырыбында өткен дәрістен де қажетті мағұлматтар алдық.Мекеме психологына алғысымыз шексіз -деді жазасын өтеуші азамат.

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...

Участие органов опеки и попечительства в защите прав несовершеннолетних

Защита прав и законных интересов детей является одной из...