Қазақстандықтар енді Ұлыбританияда да заңды түрде жұмыс істей алады

Қазақстандықтар енді Ұлыбританияда да заңды түрде жұмыс істей алады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі елшілігінің экономика және климаттық өзгерістер жөніндегі бірінші хатшысы Селена МакГиннеспен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан азаматтарының Ұлыбританиядағы маусымдық жұмыстағы жұмыс істеуіне қатысты мәселелер талқыланды.

Ертаев Қазақстан тарапынан шетелдегі еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау туралы келісім жобасын жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Келісім жобасы біздің азаматтардың Ұлыбританиядағы еңбек қызметін реттеуге бағытталған және қазақстандық жұмысшылардың тең еңбек жағдайлары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ заңсыз көші-қонды болдырмайды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алуы мүмкін екенін жазған едік.

Последнее слово – за избирателем

23 АВГУСТА В КАЗАХСТАНЕ СОСТОЯТСЯ ПЕРВЫЕ ВЫБОРЫ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. ПОКА ПАРТИИ ПРОДОЛЖАЮТ АГИТАЦИЮ, ИЗБИРАТЕЛИ ПОЛУЧАЮТ ВОЗМОЖНОСТЬ СРАВНИТЬ ИХ ПРОГРАММЫ И ПОЗИЦИИ, А ЭКСПЕРТЫ ОЦЕНИВАЮТ ВОЗМОЖНУЮ ЯВКУ. ОДНОВРЕМЕННО ФОРМИРУЕТСЯ И СИСТЕМА НАБЛЮДЕНИЯ ЗА ГОЛОСОВАНИЕМ.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді 

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады? 

2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.