Министрлік Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші не үшін алып тасталғанын түсіндірді

әлеуметтік желілерде Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің алдында тұрған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталғаны туралы ақпарат тарады. Қорғаныс министрлігі өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ескерткішті басқа ғимаратқа көшіру жоспарланған.

«Қорғаныс министрінің бұйрығымен «ҚР тұңғыш президенті — елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің» атауы «ҚР Ұлттық қорғаныс университеті» болып өзгерді. Сондықтан Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан ҚР тұңғыш президентінің ескерткішін ҚР Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды. Қазір ескерткіш қорғаныс ведомствосының бір ғимаратында уақытша сақталып тұр. Дайындық шараларын өткізгеннен кейін орнату үшін ескерткіш мұражай ғимаратына көшіріледі», — деп жазылған ведомство хабарламасында

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталғаны хабарланды. Бұл ескерткіш 2020 жылы тұңғыш президенттің 80 жылдығына орай салтанатты түрде ашылды. Ал ескерткіш алып тасталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. 

Енді әріптесіңіздің орнына жұмысын істесеңіз қосымша ақша төленеді: Еңбек кодексіндегі өзгерістер 

Маманның сөзінше, заң енді қызметкердің жағында. Оны пайдалана білу керек.

Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр 

Импорттық кедендік баж нөлге дейін төмендетіліп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету үшін жанармай экспортына қойылған шектеулер сақталады.

Алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады 

Соңғы 3 жылда тек Астанада ғана 200 журналист баспаналы болды.

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі