Алматыдағы автобус апатынан қаза тапқандардың отбасына 10 миллион теңге көмек берілді

Алматыдағы автобус апатынан қайтыс болғандардың туыстарына Ілияс Сариев бастаған топ халықтан жылу жинап, ақша табыстады. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Руслан Өтепбай жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, сол оқиғада қайтыс болғандардың ішінде екі отбасыға әрқайсысына 10 миллион теңгеден көмек берілген.

«Бағдарлама барасында уәде еткендей Ілияс Сариев бастаған топ халықтан жылу жинап, екі отбасыға 10 миллион теңгеден табыстады. Қалқаманда орын алған апаттан құзырлы орган сабақ алуы тиіс! Ал жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған дархан елдің жақсылығы мұнымен таусылмақ емес! Бастысы, марқұмдардың жақындарына сабыр, ұл-қыздардың болашақтарына баянды бақ тілейміз», — деп жазды ол.

Енді әріптесіңіздің орнына жұмысын істесеңіз қосымша ақша төленеді: Еңбек кодексіндегі өзгерістер 

Маманның сөзінше, заң енді қызметкердің жағында. Оны пайдалана білу керек.

Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр 

Импорттық кедендік баж нөлге дейін төмендетіліп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету үшін жанармай экспортына қойылған шектеулер сақталады.

Алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады 

Соңғы 3 жылда тек Астанада ғана 200 журналист баспаналы болды.

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі