Шамалған ауылында тұрғындар ер адамды педофил деп ойлап, соққыға жыққан

Шамалған ауылында ер адамды педофил деп ойлап, соққыға жыққан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде видео тараған болатын. Шамалған ауылының тұрғындары «педофилді» қылмыс орнында ұстадық деп мәлімдеді. Кадрда соққыға жығылған ер адамның жерде жатқанын көруге болады. Кейін ер адамды полиция алып кеткен.

Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты толық мәлімет берді.

Оқиға 2 қаңтарда болған. Қарасай аудандық Полиция басқармасына Шамалған ауылының 34 жастағы тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, мас ер адам жеке үйдің ауласына кіріп, кәмелетке толмаған қызын қорқытқан.

«Сол күні аудандық полиция бөліміне арыз тіркеліп, жедел іздестіру шаралары барысында 1998 жылы туған П. ұсталған. Ол көшеге шығып, мас күйде жолды қысқартпақ болып, арыз берушінің ауласынан өтуді ұйғарған. Бұл ретте үйдің қоршауы болмаған. Осы кезде оны кәмелетке толмаған қыз көріп, қорықанынан туыстарын шақырған, олар мән-жайды білмей ер адамды соққыға жыққан», — деп хабарлады полиция.

Қазір процессуалдық сараптама аяқталды. Ұсталған азаматтың қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысы анықталмады.

«Ол арыз беруден бас тартты. Бұл факт де аудандық полицияға тіркелді», — деп қосты Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Последнее слово – за избирателем

23 АВГУСТА В КАЗАХСТАНЕ СОСТОЯТСЯ ПЕРВЫЕ ВЫБОРЫ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. ПОКА ПАРТИИ ПРОДОЛЖАЮТ АГИТАЦИЮ, ИЗБИРАТЕЛИ ПОЛУЧАЮТ ВОЗМОЖНОСТЬ СРАВНИТЬ ИХ ПРОГРАММЫ И ПОЗИЦИИ, А ЭКСПЕРТЫ ОЦЕНИВАЮТ ВОЗМОЖНУЮ ЯВКУ. ОДНОВРЕМЕННО ФОРМИРУЕТСЯ И СИСТЕМА НАБЛЮДЕНИЯ ЗА ГОЛОСОВАНИЕМ.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді 

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады? 

2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.