«Жасылға өтуге болмайды». Жаяу жүргіншілерге арналған жаңа ереже пайда болуы мүмкін

ІІМ жол қозғалысы ережелеріне енгізілуі мүмкін өзгерістерге қатысты пікір білдірді. Онда жаяу жүргіншілердің көшеден өтуін шектейтін норма қарастырылады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылғы қарашаның аяғында «Ашық НҚА» сайтында жол қозғалысы ережелеріне түзетулер жобасы пайда болды. Ондағы бір тармақ жаяу жүргіншілерге арналған жолды бағдаршамның рұқсат беру сигналына кесіп өту ережелеріне қатысты.

Сарапшылардың айтуынша, егер ережелер қабылданса, онда жаяу жүргіншілерге қиылыстардағы жолды кесіп өту әлдеқайда қиын болады, өйткені олар бұрылыс маневрін аяқтап үлгермеген көліктерге жол беруге міндетті болады. Сарапшылар осыған байланысты кептелістердің саны ғана емес, сонымен қатар, апаттар да артуы мүмкін екенін атап өтті.

ІІМ «Жол жүрісі қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» министр бұйрығының жобасы 3-тараудың 16-тармағына шынымен де түзетуді қамтитынын хабарлады: «Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргіншілер реттеушінің немесе жаяу жүргіншілер бағдаршамының сигналдарын басшылыққа алады, ал олар болмаған кезде — көлік бағдаршамы, бағдаршамның немесе реттеушінің рұқсат беру сигналы кезінде жаяу жүргінші жол қиылысы арқылы ертерек басталған қозғалысты аяқтайтын көлік құралдарына жол береді».

«Бұл норма ең алдымен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, өйткені қазір жаяу жүргіншілер көбінесе өз қауіпсіздігін елемейді және көлік құралдарының бұрын басталған маневрді аяқтағанына немесе жаяу жүргіншілер өткелінің алдында тоқтауға мүмкіндігі барына көз жеткізбей, бағдаршамның рұқсат беру сигналы бойынша жолға шығады», — деді министрлік өкілдері.

Ішкі істер министрлігі түзетулердің әлі қабылданбағанын, оларды қабылдау кезінде қоғамдық талқылау нәтижелері ескерілетінін баса айтты.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.