Павлодар облысында шетелдік инвесторға 100 миллион теңге салық заңсыз есептелген

Павлодар облысында француз инвесторына 100 миллион теңге салықты заңсыз есептеген шенеунік жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Zanmedia.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бас прокуратура мен Kazakh Invest АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы шеңберінде 2018 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында сутектерді өндіру жөніндегі жобаларды іске асырған Air Liquide атты француз инвесторының проблемасын анықтады.

Француз компаниясы газ өндіруде әлемдік көшбасшы болып саналады.

«Павлодар облысының салық органдары инвестордың атына 99,8 миллион теңге сомасына ҚҚС және кедендік баж төлеу туралы хабарламаны заңсыз енгізген. Инвесторға импортталатын тауардың жіктелуін дұрыс анықтамаған. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 3 күн ішінде хабарлама жойылды. Павлодар облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деп жазылған хабарламада.

Бүгінде прокурорлар инвесторлардың 85 мәселесін шешті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.