«Сіздің пакетіңіз қоймада». Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Қазір телефон арқылы алдап, атыңыздан несие рәсімдейтіндер көп. Тіпті оның тағы бір тәсілі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатырған бұл әдіс көпшіліктің назарын бірден аударды. Енді алаяқтар пошта қызметіненбіз деп тұрғындарға арнайы смс жіберіп, карта нөмірлеріне тікелей қол жеткізбек.

Сіздің пакетіңіз қоймаға келді, бірақ мекенжайы толық емес болғандықтан жеткізу мүмкін емес. Төмендегі сілтемеге мекен-жайыңызды жазыңыз» деген мәтінмен телефонынызға смс хабарлама келеді. Ішіне кіргенде мекен-жайыңызды толық толтыруды сұрайды. Одан соң сізге үйіңізге дейін жеткізу үшін қосымша 132,68 теңге қаржы төлеу керектігін айтады. Егер банк карточканызды енгізіп, төлем жасасаңыз, ақшамнан айырылдым дей беріңіз.

Депутат Дәулет Мұқаев та әлеуметтік желідегі парақшасына «Олар қазақша сөйлей бастады» деп жазба қалдырды. Ал жазба астына жазылып жатқан пікірлерден жәбір көргендердің немесе осы турасында смс хабарламаның көп адам алғандығын байқауға болады.

Жазбаға жұрт «Достар мен ішіне кіріп банк картамды енгіздім,енді каспиден қайта-қайта ақша ұстағысы келіп жатыр деген хабарлама келіп отыр.  «Не істесем болады, маған тура осындай хабарлама келді, ішіне кіріп толтырдым. Кейін жаңалықтардан естіп қарасам, картамда ақшам жоқ» деп жазып жатқандар да бар.

Сондықтан алаяқтықтың жаңа тәсілін сізде біліп, алданбаудың алдын алыңыз. Телефоныңызға қандай бір қоңырау келсе де, хабарлама келсе де, дұрысы өшіре салыңыз!

Последнее слово – за избирателем

23 АВГУСТА В КАЗАХСТАНЕ СОСТОЯТСЯ ПЕРВЫЕ ВЫБОРЫ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. ПОКА ПАРТИИ ПРОДОЛЖАЮТ АГИТАЦИЮ, ИЗБИРАТЕЛИ ПОЛУЧАЮТ ВОЗМОЖНОСТЬ СРАВНИТЬ ИХ ПРОГРАММЫ И ПОЗИЦИИ, А ЭКСПЕРТЫ ОЦЕНИВАЮТ ВОЗМОЖНУЮ ЯВКУ. ОДНОВРЕМЕННО ФОРМИРУЕТСЯ И СИСТЕМА НАБЛЮДЕНИЯ ЗА ГОЛОСОВАНИЕМ.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді 

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады? 

2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.