Қазақстандықтарға 100 мың теңгеден беріліп жатқаны туралы ақпарат тарады

WhatsApp-та «Қазақстан азаматтарына 100 мың теңгеден бастап төленетіні» туралы ақпарат тарап жатыр, — деп хабарлайды stopfake.kz.

Тіпті сол тараған ақпаратта Қаржы министрлігінің жалған сайтының сілтемесі де ұсынылады екен. Алайда бұл ақпарат — алаяқтардың ісі. Ресми дереккөздерде және БАҚ-та мұндай ақпарат жоқ.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі де тараған ақпаратты жоққа шығарды. Хабарламада көрсетілген мәліметтер шындыққа жанаспайды, ал тіркелген сілтеме ҚР Қаржы министрлігінің атынан ашылған жалған сайтқа апарады. Ведомство өкілдері барлық ресми ақпарат Қаржы министрлігінің ресми порталында орналастырылатынын мәлімдеді.

«Ақшаңыздан айырылып қалмау үшін күмән тудыратын сілтемелерге өтпеңіз. Тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне сеніңіз», — деп жазылған басылым мәліметінде.

Еске салайық, бұған дейін де дәл осындай жалған ақпараттар тарады. Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға 100 мың теңге және одан артық мөлшерде өтемақы төленетіні айтылды. Алайда ол кезде де бұл жалған ақпарат болып шықты.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...