М.Әуезов театры Маңғыстау облысына гастрольдік сапармен келді

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының өңірдегі гастрольдік сапары, 10 желтоқсан күні мұнайшылар қаласының облыс орталығына табан тіреді.

Театр ұжымы бүгін Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында Абай шығармалары негізінде «Қара» қойылымын ұсынады, — деп хабарлайды zanmedia.kz порталы  mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. .

Сонымен бірге, Т.Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той», А.Володиннің «Қоштасқым келмейді», Ғ.Мүсреповтің «Қыз Жібек» музыкалық драмасын сахналайды.

«Гастроль министрлік қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Сапар аясында маңғыстаулық көрермендерге театр репертуарындағы бірнеше қойылым ұсынылады. Ақтау қаласынан бөлек, 11 желтоқсанда «Сәлем саған, Жаңаөзен» атты кездесу ұйымдастырылған. Біз бұған арнайы бағдарлама әзірледік», — деді театрдың директоры Еркін Жуасбек.

Оның сөзінше, Маңғыстауға театрдың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, Бекжан Тұрыс, Шынар Асқарова, Бақтияр Қожа, Бауыржан Қаптағай, Асылбек Боранбаев бастаған қырықтан астам актер келген келген. Енді 10-13 желтоқсан аралығында ақтаулық көрермендер үшін Н.Жантөрин театрында әкемтеатрдың өнеріне куә болмақ.

Айта кетейік, театр ұжымы 1926 жылдан бастап гастрольге шығуды игі дәстүрге айналдырып, республиканың елді мекендерінде өнер көрсетіп келеді. Ал соңғы жылдары театр Қазақстан және таяу шетелдерге жиі гастрольдік сапармен барып тұрады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Омбы қаласы (Ресей Федерациясы), Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларына қойылымдарымен барып қайтты.

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...