Салық заңнамасынан туындайтын даулы мәселелер

Қазақстан Республикасының Конституциясының 35-бабына сәйкес заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 2-бабының 2-бөлігіне сәйкес Салық кодексінде көзделмеген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.

Яғни Салық кодексінде белгіленген талаптар сақталмай есептелген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салық органдарының шешімдері мен әрекеттері сотпен заңсыз деп танылады.

Салық органдарының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдар талап қою тәртібімен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі — ӘРПК) 102-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік соттар қарайды.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында салық органдарының камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды және оның орындалуы бойынша шешімдерді даулау туралы талап қоюлар қаралады.

Осындай істерді қарау барысында келесідей мән-жайлар анықталады.

«Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі — ЖШС) салық органының камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындамаған деп тану туралы шешімдерін заңсыз деп танып, күшін жоюды сұрап сотқа талап қоюмен жүгінген.

Істі қарау барысында анықталғандай, салық органы талап қоюшыға  камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар берген.

Аталған хабарламалармен талап қоюшы келіспей 30 жұмыс күні ішінде хабарламаларға түсіндірмелер мен қосымша құжаттарды салық кабинеті арқылы Салық органына жолдаған.

Салық  кодексінің 96-бабының 2-тармағына сай камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Мыналар:

      1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды:

      салық органдарында тіркеу есебіне қою;

      анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;

      салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ салық төлеушіге осындай сомалар аударылған күннен бастап әрбір күн үшін осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларды кері қайтарып алу, түзету немесе толықтыру арқылы жоюы;

      2) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына салықтық есептілікке енгізілген деректердің анықтығын растайтын салықтық және (немесе) бухгалтерлік есепке алулар (есепке алу) тіркелімдерінен үзінді көшірмелерді және (немесе) көрсетілген бұзушылықтарға қатысты құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы;

      3) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына бұзушылықтарда көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.

Сотта анықталғандай Талап қоюшы Салық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес өзінің құқықтары мен міндеттерін мерзімінде орындаған.

Алайда Салық органы хабарлама бойынша бұзушылық жойылмаған немесе бұзушылық толық көлемде жойылмаған деп шешімдер қабылдаған.

ӘРПК-нің 79-бабының талаптарына сай әкімшілік акт заңды және негізделген болуға тиіс.

        Әкімшілік акт түсіну үшін анық болуға, бірізді қолдануды қамтамасыз етуге, оның күші қолданылатын адамдар қатарын толық айқындауға тиіс.

Салық органының шешімдердің мазмұнына қарағанда онда түсіндірме қабылданбағаны және дәлелді құжаттар мен қосымша салық есептік формасы бойынша декларация ұсынуды сұраған.

 ӘРПК-нің 80-бабынның бірінші бөлігі 4) тармақшасында  әкімшілік актінің мазмұнында әкімшілік актіні қабылдаған кезде шешілетін мәселелердің сипаттамасы және әкімшілік актінің негіздемесі көрсетілуі тиіс делінген.

 Салық органы талап қоюшыға қатысты ауыртпалық түсіретін акті қабылданғандықтан, даулы шешімдер осы ӘРПК-нің 79, 80-баптарына сай  және Салық кодексінің 96-бабының 4-тармағында көзделгендей уәкілетті органның белгілеген нысаны бойынша не себепті талап қоюшының  түсіндірмелері қабылданбағаны туралы нақты уәждер көрсетіп негізді, анық  және түсінікті, шешім қабылдауы тиіс болған.

   Алайда, салық органының даулы шешімдері аталған заңнама талаптарына сай келмейді.

ӘРПК-нің 84-бабының төртінші бөлігіне сай заңсыз ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт міндетті түрде күші жойылуға жатады.

Істің мұндай тұрғысында сот, салық органының  даулы шешімдерін заңсыз деп танып, күші жою және оның салдары жарамсыз деп тану қажет деген тұжырымға келіп, талап қоюды қанағаттандырған.

Осыдан Салық органдарының бұл  Кодекстің қабылданғанына екі жылдан артық уақыт өткеніне қарамастан, Заң нормаларын дұрыс пайдалабай, әкімшілік рәсімдерді дұрыс жүргізбей, өздерімен  қабылданған   әкімшілк актілердің мазмұның дұрыс жазбайтын фактілер әлі күнге дейін орны алуда.

 Сонымен қатар,   осы уақытқа дейін  әкімшілік актіге, әсіресе салық органдармен берілентін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар мен  ол хабарламаларды орныдмады деп тану туралы шешімдерде  электронды түрде қол қойыл,ған жағдайда  сол  әкімшілік актіні қабылдаған органдардың, яғни  Басқармалардығ  басшылылары немесе  орынбаасары қол қоюы тиіс  болғанына қарамастан, оның жоғары тұрған органның маманының электронды қолы қойылған фактілерде орын алуда.

 Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген ӘРПК-нің нормаларын бұзылған болып саналып, салық органының  шешімдері бұзылуына әкеп соқтырады.

 Сөзімді қорытындылай келе мұндай санаттағы істерді қараудың өзіндік ерекшеліктерін  ескере отырып  қарау қажет дегім келеді.

  Ж.Дербисалиева, Түркістан  облысының  мамандандырылған

 ауданаралық әкімшілік сотының судьясы  

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл –...

Семейные ценности и ответственность — основа будущего

В учреждении минимальной безопасности в Семей Абайская область был...

Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ сабақтастығы

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай...

Национальные традиции — связь поколений

16 марта, в честь Дня культуры и национальных традиций,...

В области Абай подписан меморандум о сотрудничестве по ресоциализации осужденных

Департамент уголовно-исполнительной системы по области Абай подписал меморандум о...