Гендерлік саясатты жүзеге асыру

— «Әйел көктен түскен жоқ, Ол-еркектің баласы. Еркек жерден шыққан жоқ, әйел-оның анасы» — деп ақынның өлең шумағымен бастамақпын.

Бүгін заман талабына сәйкес гендерлік саясат тақырыбын қозғасақ.

Қазіргі таңда қоғамдағы әйел мен ердің орны туралы түсініктер мен көзқарастар, стереотиптер ерекше өзекті мәселеге айналып отырғаны мәлім.

Жалпы, ер мен әйелдің қоғамдық рөлі жайлы ұғым мен ұстаным ұрпақтан ұрпаққа дәстүр бойынша жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге кеткен түсініктер негізінде қалыптасады.

Қазақстанда қазіргі кезде жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық, мәдени, саяси өзгерістер көптеген қоғамдық мәселелерді қайта қарауды қажет етеді. Солардың ішінде өзекті мәселелердің бірі – гендер мәселесі.

Гендер — бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар.

Бұрынырақ Қазақстандық психологиялық әдебиеттерде «гендер» термині өте сирек кездесетін. Ал қазіргі таңда бұл жағдай өзгеріс тауып, «гендер» ұғымы адам жайлы ілімнің барлық бағытында дами бастады.

Кей біреулер «гендер» ұғымын тек әйелдердің құқығын қорғау деп түсінеді. Бірақ бұл түсінік дұрыс емес.

Көптеген жағдайларда әйел затының құқықтары жерге тапталып жатады, сондықтан әйел құқығына байланысты мәселелер туындап, гендерлік зерттеулерде көрініс тауып жатады. Осындай жынысқа байланысты дискриминация жағдайларын болдырмас үшін де гендерлік саясат жүргізіледі.

Өз елімізге келетін болсақ, қазақ әйелдерінің құқықтарын қорғайтын мынадай құжаттар бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша жыныс белгісі бойынша дискриминацияға тиым салынған, ал 1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасының Әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қол қойылған болатын.

Бұрынғы кездері, көбі әйел адамды тек «шаңырақтың сақтаушысы», «дүниеге бала әкелетін ана», «бала күтушісі» ретінде ғана қабылдап, қоғамдық жұмыстарға араластырмаған, яғни қазақ үшін «гендер» жат ұғым болатын. Ал қазіргі заманда әйелді адам қоғамдық жұмыстардың барлық түрінде, билік басында, саясатта, жеке кәсіпкерлікте, ғылымд, тіпті әскери қызметте де кездестіруге болады.

Жалпы, Қазақстанда гендерлік саясатты жүргізу жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді.

Ендігі кезекте, елімізде гендерлік саясатты жүзеге асыру үшін, қоғамдық сананы өзгерту қажет, бір жыныстың екіншісінен артықтығы және басымдылық идеясымен байланысты гендерлік стереотиптерді түбімен жою қажет деп есептеймін.

Қазақта: «Әйел – бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді” деп бекер айтылмаса керек, өйткені талантты, білімді әйел ешқандай тосқауылға қарамай, отбасын да құрып және билік басында да оты­рып қызметін де атқара алады, яғни екі жақты бірдей үйлестіріп алып жүре алатынына күмәнім жоқ.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Қаракөз Сәрсенбайқызы Тілемісова

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...