Біз өмір сүріп жатырған қоғамда өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол- жемқорлық. Елімізде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бірақ бұл мәселенің шешімі толық табылған жоқ.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыкпен күресу Қазақстанның күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлық үлкен әлеуметтік қасірет болып табылады және барлық елдердің қай-қайсысын да қатты аландататын қасірет екені анық.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Яғни, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесеысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударыға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыстың бірден бірі. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысын жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табуда. Алайда, сыбайлас жемқорлық азаймауда.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жою, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын көтеру керектігі өте маңызды. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күні әр азаматтың басты мақсаты болып табылады.
Актолкын Тампиева,
Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты
әкімшісінің басшысы