Алматы облысында сотталған әйелдерді жұмыспен қамту мәселесі

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №10 мекемесіне ҚАЖД сотталғандарды еңбекпен ұйымдастыру бөлімінің бас маманы басшылығымен, азаматтық қайырымдылық қоғамдық қорының өкілдері келіп, жұмыспен қамту мәселесі бойынша жазасын өтеп жатқан әйелдермен кездесу өткізді.

Қоғамдық қор басшысы Мадина Сауытбекова қордың негізгі мақсаты мен жұмыс барысы жөнінде таныстырып, әйелдердің жазасын өтеп шыққаннан кейін жұмыспен қамтылу, тұрмыстық жағынан орналасу мүмкіншіліктері жайлы айтты.

ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында, сотталған әйелдердің босатылар алдында, қосымша біліктіліктерін арттыру үшін жаңа жоба мәселесі қаралды. Макияж жасау, маникюр, шаштараз және т.б. шеберлер дайындайтын қысқа мерзімді курстар ашу жоспарлануда. Сонымен бірге, оқуды сотталғандар арасынан біліктілері бар әйелдерді жұмыспен қамту туралы шешім қабылданды.

Сотталған әйелдер жаңа кәсіп игеруге және сол кәсіп иегерлерінің жұмыспен қамту мүмкіншілігі қуантты.

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...

Участие органов опеки и попечительства в защите прав несовершеннолетних

Защита прав и законных интересов детей является одной из...