12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ішкі қауіпсіздікті сақтау

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен олардың алдын алу бағытында іс-қимыл жасау соттар қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Бүгінде республикадағы соттарда Ішкі қауіпсіздік бөлімі бар. Сот приставтарының аумақтық бөлімшелері де құрылды.

Ішкі қауіпсіздік бөлімінің негізгі жұмыстарының бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты Маңғыстау облыстық соты және жергілікті, аудандық соттарының ғимаратында ішкі қауіпсіздікті нығайту мақсатында судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметтік бөлмелерінде сот мәжілісіне қатысушы тараптардың (азаматтардың) процессуалдық емес қатынаста болдырмау жөнінде және сот приставтарымен күзет қызметінің қызметкерлерімен бірігіп сот ғимаратына азаматтардың кіріп-шығу жұмыстарының ұйымдастырылуы күнделікті қатаң бақылауға алыну жолға қойылған.

Сыбайлас жемқорлық элементтеріне қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық көріністері туындаған кезде азаматтардың жүгінуіне мүмкіндік беру үшін, аумақтық бөлім бастықтарының азаматтарды күнделікті қабылдауын жүргізу механизмін әзірлеп, іске асырды. Судьялармен мен сот қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтық факторларының алдын алу үшін және шұғыл шара қабылдау мақсатында, бөлімде «сенім телефоны» (Call-центр) орналастырылып,  ол бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, Ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша барлық аудандық соттарға іс-сапармен барып, судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ішкі қауіпсіздікті сақтау» жөнінде жедел кеңес өткізіліп, сот қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы алдын алу шаралары тұрақы түрде жүргізіледі.

Сондай-ақ, аталмыш семинарда қызметкерлердің жарғыш құрылғысын байқап қалған және жарылыс қатері мен жарылыс жасалуы жөніндегі хабар алған кездегі әрекеттері, кездесіп қалған жарғыш құрылғыларды өз бетімен залалсыздандыруға жол бермеу, күдікті нәрсенің жанында ұялы телефон құралдарын пайдаланбау жөнінде айтылды.

Бүгінде елімізде сот саласында жүріп жатқан қарқынды жұмыс­тардың бірі сот қызметінің ашық­тығын жолға қою деп айтуға болады.­ Осы мақсатты заманауи технология негізінде дыбыс-бейнежазба жүйелерін сот үрдістерінде қолдануға ай­рықша маңыз беріліп отыр. Сот жасауылдары жергілікті соттардың сот төрелігін жүзеге асырудың айқындылығын қамтамасыз ету үшін сот отырыстарын өткізу барысында аудио және бейнетіркеу жүйелерін қолдануға бақылау жасап, мониторинг жүргізіп отырады.

Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Ішкі қауіпсіздік бөлімі сот ғимаратында келеңсіз оқиғалар болған жағдайда сот приставтарының атқаратын іс-әрекеттері жөнінде жұмыс барысында пайдалану үшін жадынама әзірленген.

ДИЛМАНОВ АЙБЕК, Маңғыстау облыстық сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы

В Алматинской области осужденные встретились с медиатором

В рамках реализации Дорожной карты по оздоровлению обстановки в...

Алматы облысында сотталғандар медиатрмен кездесті

ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын...

Тәлімгермен кездесу

IІO алғаш қабылданған қызметкерлердің кәсіби денгейін арттыру мақсатында ҚР...

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстарын атқаруда

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті...