Елімізде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 9-11 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулік ішінде арктикалық антициклон ықпалымен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды және жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі. Ал атмосфералық фронталь бөлімдер әсерінен еліміздің шығысында қар жауады, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады, елдің оңтүстігінде 9-11 желтоқсанда тау бөктерінде, таулы аудандарда қалың қар жауады.

«Түнде ауа температурасы солтүстік-батыста 20-37, солтүстікте 30-38, республиканың қиыр солтүстігінде 40-43, орталықта және шығыста 40-43 градусқа дейін төмендейді. Республика бойынша күн нөлден 25-35 градус аязға дейін төмендейді. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман түседі», — делінген хабарламада.

Алматыдағы Саин көшесіндегі арнайы жолақ алынып тасталатын болды 

Саин көшесіндегі арнайы жолақ қаланың ең көп көлік жүретін магистральдарының бірінде қоғамдық көлікке басымдық берудің тиімділігін бағалау мақсатында пилоттық режимде ұйымдастырылған болатын.

«Әділет» партиясы Құрылтайға баратын депутаттардың тізімін жариялады 

«Әділет» партиясы Құрылтайдың I шақырылымындағы депутаттық мандаттарды бөлді.

Президент жарлықтары: Жоғары лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық шешім қабылдады.

Президент тапсырмасы: Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жоспарын бекітті 

Жоспар азаматтар мен мемлекеттік аппаратқа, бизнес пен экономикаға бағытталған цифрлық трансформацияны қамтиды.

Ел аумағында бір тәулікте бес орман өрті тіркелді 

Орман алқаптарындағы өрт жағдайы әуе және жерүсті патрульдері арқылы тұрақты бақылауда.