Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие,Қазақстанда білім мен ғылымның ірі орталығы, инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Қазақстан Республикасының көптеген ғылыми және кәсіби салаларындағы магистранттар мен докторанттарға орасан зор мүмкіндіктер ашатын көрнекті оқу ордасы болып табылады. Университет халықаралық профессорларды пікір алмасуға,лекция жүргізуге шақырады, жаһандық мәселелер бойынша зерттеулер мен оқытуларды қолдауға, сондай-ақ әртүрлі шет елдермен және аймақтармен академиялық байланыстар орнатуға тырысады. Оқу ордасы кез-келген сала бойынша білім мен оқуды жоғары деңгейде ілгерілетуді және өз күшін бүкіл әлемдік стандартқа сай болатын нәтижелерді мақсат ете отырып жұмыс атқарады.Жоғарыда атап өткен жайттарды ескере отыра,ҚазҰУ қазіргі таңда Қытаймен өзара бірлесе отыра жұмыс атқаруда.Келісімнің мақсаты- ғылыми бағытта бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу, студент даярлау және оқытушылар алмасу. ҚазҰУ Қытайдың 50-ден астам жоғары оқу орнымен серіктестік орнатқан. Атап айтқанда: Шанхай шет тілдері университеті, Бейжің университеті, Ухань университеті, Сянган политехникалық университеті, Шыңжаң университеті, Бейжің шет тілдері университеті және т.б. 2019-2023 оқу жылдары ҚазҰУ-дың 79 білім алушысы «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша Қытай университеттерінде тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ білім ордасының 37 өкілі конференцияларға қатысу үшін Қытайға барып, біліктіліктерін арттырған болатын. Қазіргі таңда ҚазҰУ-да 409 қытайлық студент оқып жатыр. Университетте Қытайтану кафедрасы мен Конфуций институты жұмыс істейді.Осы мүмкіндікті пайдалана отыра,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының магистр дәрежесінде білім алудамын.Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы сапалы білім беру мақсатында тер төгіп,үздік шәкірт тәрбиелеу жолында қызмет етуде.Қытай университеттерімен байланысты қолдау мақсатында кафедра басшылығы мен ұжымы түрлі іс-шаралар (дөңгелек үстелдер,пікірсайыс,акциялар т.б.) өткізуде.Болашақта екі ел арасында байланыс үзілмей ары қарай жалғасуына өз үлесімді қосқым келеді.
ҚазҰУ жас ғалымдарға жақсы жабдықталған жатақхана ұсынатын студенттік қала саналады. Университетте 5000-нан астам студентті қабылдай алатын 14 үлкен жатахана орналасқан. Университетте 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк бар. Сонымен қатар, 2 мыңнан астам профессорлар, ғылым докторлары, философия кандидаттары мен докторлары, 100-ден астам ірі академиктер, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық мемлекеттік сыйлықтың иегерлері бар.Университет керемет және жан-жақты академиялық бағдарламаларды ұсынады. Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті тілдік дайындықтан, сондай-ақ шетелдік ғылыми және оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам профессорлық-оқытушылық және әкімшілік қызметкерлеріне халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Азия елдеріндегі ұйымдарға шетелдік іссапарлар ұйымдастырады. Оқу ғимараттары Алматының экологиялық таза және гүлденген аймағында орналасқан. Университет аумағында: Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, ғылыми кітапхана, интернет орталығы, спорт кешені мен стадион, сондай-ақ «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы орналасқан. Университтің мақсаты – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, заң саласына,экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстанның жетекші классикалық университеті мəртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады.
Яо Хуйлин
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының магистранты
Ғылыми жетекшісі:Куаналиева Г.А
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі,з.ғ.д.,профессор