12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл — ең асыл құндылық

Қазақ тілі — қазақ халқының  басты рухани байлығы.  Әр халық үшін тіл маңызды құндылық. Біздің ата-бабамыздан қалған баға жетпес  мұра. Тілден құдіретті, бағалы  қасиет жоқ деп ойлаймын. Жарық дүниеге келген сәби бұл әлемді  қай тілмен таныса сол тіл ол адам үшін қымбат. Себебі сол тілмен ой өрісі дамып, көкірегі ашылып, көңілі небір жақсы сезімдерді тұшып, жүрек тұңғиығында сараланады.  Себебі сол тілмен алғашқы өмірде нәр беретін нұрлы асыл сөздерді атайды.  Сәбидің алғашқы ана-әке, ата-әже деген аяулы сөздері өмірді тану құлшынысының бастамасы. Тіл отбасылық қарым-қатынас қана  емес, ол қоғамдық дамудың маңызды сатысы.

Тіл-әрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Тіл – оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні болатын болса, осы құндылықтардың бәрін заманнан заманға, адамнан адамға жеткізуші —  бүгінгі ұрпақ.

Бүгінгі таңда отбасындағы ұрпақ тәрбиесі — қоғамның бар саласына қатысты  мәселе. Өйткені бүгінгі шағын отбасы – ертеңгі үлкен мемлекет. Мемлекеттің тізгіні сенімді адамның қолында болу үшін ұрпаққа саналы білім қажет. Адам көп тіл білгеннен зиян көрмейді Керісінше оның талабы да, талғамы да артады. Бірақ ең басты тұғырда өз ана тілі тұруы керек. Адамның ой-өрісі өз тілінде дамып жетілгенде ғана  құндылығы артады. Тіл — әр адамның болмысы. Егер тіл жойылса адам болмысыда жойылады. Сенің қазақ екеніңді айғақтайтын таптырмас дәлел, ол – ана тілің.

Қазақстанда өмір сүретін әр азамат елін ойласа, ұлтының рухын ойласа, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосуы қажет. Қазақта «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген керемет нақыл сөзде айтылғандай, тілдің құдіретін бүгінгі жас ұрпақ ерте сезінуі керек.Алға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана Мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса ата-бабаларымыз салған сара жолдан таймайық, елдігімізбен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел, Мәңгілік тіл! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде!  Тіл тағдыры — ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық!

Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының әкімшісі

Жебелханова Меңдігүл Ықласовна

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...