12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судья лауазымына кандидаттарды даярлау мен іріктеудегі жаңғыртулар

Сот – мемлекеттік биліктің бір тармағы. Сот алаңындағы тура төрелікке, судьялар шығарған шешімнің сапасына қарап елдегі әділдікке, қауіпсіздікке, азаматтар құқығы мен бостандығының қалай қорғалатынына баға беріледі. Сондықтан, сот саласын жаңғырту, сот жүйесіне білікті мамандарды тарту бағытындағы реформалар бір сәт те үзіліп қалған емес.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деп аталатын 2022 жылғы жолдауында «Судьялардың дербестігін арттыру үшін Жоғары Сот кеңесінің мәртебесін нығайтқан дұрыс. Судья болуға үміткерлерді дайындау, біліктілігін көтеру жұмысы Кеңестің құзыретіне беріледі. Сондай-ақ, олардың шекті жасын ұзарту, өкілеттігін тоқтату мәселесімен де осы мекеме айналысады. Бұл мемлекеттік орган нақты кадрлық функциялары бар, толыққанды институтқа айналуы керек. Кадрларды іріктеуден бастап, барлық деңгейдегі соттарды тағайындауға ұсыным беруге дейінгі бүкіл міндет соларға жүктеледі» деп сот құрылымы бағдар етер негізгі тапсырманы атап өткен болатын.

Мемлекет басшысының өз жолдауында Жоғарғы Сот кеңесінің құзыретін кеңейтуді тапсыруы бекер емес. Себебі, сот саласындағы жаңашылдықтардың оң нәтиже беруі, реформаның қоғамнан оң баға алуы – судьялардың білімімен, кәсіби шеберлігімен тамырлас. Жаңа бастамалар орта жолда қалмас үшін сот құрылымындағы әрбір судьяның білімі мен біліктілігі мықты болуы тиіс. Олардың қызметіне ешкімнің араласпауы маңызды.

Соттарды іріктеу, судьялықтан үміткерлерді таңдау ретін мейлінше ашық ету – заман талабы. Әсіресе, сот корпусын жасақтау ісіне қарапайым азаматтарды тарту мәселесі де оң шешілгенін айта кеткеніміз жөн. Жоғары Сот кеңесі бүгінде үміткерлер тізімін жариялап, азаматтардың оларға қатысты пікірін білдіруіне толық жағдай жасаған. Осы мүмкіндікті пайдаланған қоғам үміткерлерге қатысты жағымды пікір мен сын-ескертпесін кедергісіз жолдай алады. Ал судьялыққа үміткердің кандидатурасын қараған кезде халықтың пікірі ең алдымен назарға алынатын болады. Бұл үміткерлерді халықпен етене жұмыс істеп, әдептілік қағидаттарының шеңберінен шықпауына ықпалын тигізеді.

Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында судья лауазымына кандидаттарды даярлаудағы жаңа қағидаттар толық көрсетілген. Соған сәйкес, Кеңес судьялыққа кандидаттарды даярлау, олардың біліктілігін арттыру, шекті жасын ұзарту, қолданыстағы судьялардың өкілеттіктерін тоқтата тұру және тоқтату сияқты бірқатар мәселеге жауапты. Бүгінге дейін Жоғарғы Сот жанында болған Сот төрелігі академиясына сот жүйесі кадрларын қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру және ғылыми қызметті жүзеге асыру міндеті жүктелген еді. Келер жылдан бастап Сот төрелігі академиясы Жоғары Сот кеңесінің жанында жұмыс істейді. Бұл сот кадрларын дайындау, біліктілігін арттыру, кадр резервін қалыптастыру, қайта даярлау сынды мәселелерді бір орталықта жүргізу мақсатында орын алып отыр.

Жаңашылдықтарға сай жұмыс барысында мәселе туындағанда судьяларға Жоғары Сот кеңесіне тікелей жүгіну құқығы берілді. Мәселен зейнеткерлік жасқа жеткенде лауазым мерзімін ұзарту, судьялық өкілеттігін тоқтату секілді өтінішпен судьялар енді Кеңеске тікелей жүгіне алады. Сондай-ақ, үміткерлердің тағылымдамадан өту мәселесі де түбегейлі реттелді. Үміткерлерге Кеңестің тиісті ұсынымын алғаннан кейін  тағылымдамадан өту құқығы берілді.

Соттарды біліктілігі жоғары кадрлармен жедел қамтамасыз ету – Жоғары Сот кеңесінің маңызды міндеті. Сондықтан, Кеңес судья мамандығына мықты заңгерлерді тарту, сот кадрларының тұрақтамау себебін анықтау бойынша терең талдау жүргізуде. Бұл Кеңестің алдағы уақыттағы бағыт-бағдарын айқындауға көмегін тигізеді.

Міне, осындай іргелі өзгерістердің арқасында сот корпусы сапалы кадрлармен толығатынына сенім мол.

Д.Аркинов,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының төрағасы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...