Абай облысында сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша жүйелі жұмыстар атқарылды

Абай облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде, «БҰҰ-ның Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдау күніне» орай, мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамтитын бос жұмыс орындарын ашу мақсатында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлерінен басқа, қалалық прокуратура қызметкерлері мен «Еңбек-Семей» РМК қызметкерлері, сондай-ақ бірнеше жеке кәсіпкерлер қатысты. Кездесуде мекеменің өнеркәсіптік аймақтарындағы ғимаратқа қатысты мәселелер мен шағын және орта бизнес объектілерін тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу туралы мәселе талқыға салынды.

«Біздің басты міндетіміз сотталғандарды қайта тәрбиелеу процессінде еңбекті барынша кең пайдалану. Біріншіден, еңбек етіп табысымен мемлекет алдындағы талап-арыздарын төлету, екіншіден, сол жұмыста алған тәжіребелерін бостандыққа шыққанда, жұмыс табуға көмектесу болып табылады. Аталмыш, кездесулер жылдар бойына өз жемісін тауып келеді», -дейді мекеме бастығының орынбасары Мақсат Иксанов.

Мекемеде қазіргі уақытта, еңбекке жарамды 384 сотталғанның 160-ы жұмыспен қамтылған. Мекеме аумағында орналасқан өндірістік учаскелерде 10 шағын және орта бизнес субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады.

Отдых на воде начинается с правил 

С НАЧАЛА КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УЖЕ УТОНУЛИ...

Жара алкоголю – не помеха

В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ОПЕРАТИВНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОГО МЕРОПРИЯТИЯ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА»,...

Все тайное становится явным…(Отголоски января 22-го…) 

СПУСТЯ ЧЕТЫРЕ ГОДА ПОСЛЕ ТРАГИЧЕСКИХ СОБЫТИЙ ЯНВАРЯ 2022 ГОДА...

Наследство без спешки: почему нотариус ждет?

ПОСЛЕ СМЕРТИ БЛИЗКОГО ЧЕЛОВЕКА РОДСТВЕННИКИ НЕРЕДКО СТАРАЮТСЯ КАК МОЖНО...

 «Ключи» от родины

ВОПРОСЫ МИГРАЦИОННОЙ ПОЛИТИКИ НА ФОНЕ МИРОВЫХ ТЕНДЕНЦИЙ СЕГОДНЯ ПОЛУЧИЛИ...