Сот жүйесі заң үстемдігінің кепілі

Сот мемлекеттегі үш биліктің бірі. Сот дауды шешетін, сотталушылардың қылмыс жасаған, жасамағанын анықтап, қылмыс жасағаны дәлелденбесе ақтап, дәлелденсе жаза тағайындайтын орган. Дау, қылмыс орын алмаған жерде соттың қажеті жоқ. Бұрын барлық істер бір сотта қаралатын болса, қазір соттар мамандандырылған. Даулар мәніне байланысты, қылмыстар санатына байланысты тиісті соттарда қаралады. Кез келген келісіммен шешілмеген мәселе де сотта қаралады. Бір мекеменің қызметкерлері әр түрлі себептермен бір-бірімен соттасып жатады. Қай кезде де соңғы шешім шығаратын сот.

Сол себепті сот жүйесі өте жауапты сала. Сондықтан осындай маңызды қызметті атқаруға лайықты болуы үшін, қазіргі кезде судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілген. Яғни, үміткер емтихан тапсырып, 1 жылдық тағлымдамадан өтуі тиіс. Одан кейін судьялық қызмет өтілі 20 жылға жеткенше, әр 5 жыл сайын кезекті аттестациядан өтуі тиіс. Судья әрдайым сауатын арттырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының талаптарын қатаң, қызметінде басшылыққа алуы керек.

Судьялық әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтап, берген антына берік болуға, қоғамдық қызмет пен тұрмыстық жағдайда кез-келген әрекеттерді жүзеге асырған кезде, әдепсіз жүріс-тұрыстың көріністеріне жол бермей, судья лауазымының жоғары мәртебесіне лайық болып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға, сот билігінің беделін түсіруге әкеп соғуы және судьяның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін кез-келген іс-әрекеттерден аулақ болуға тиіс.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы  

Досетов Иниятулла Раушанбекович

Судьяның кәсіби бейнесін қалыптастырудағы моральдық талаптар

Қазіргі қоғамда сот билігіне деген сенім – құқықтық мемлекеттің...

Экстрадициялық қамақты санкциялаудың маңызы зор!

Экстрадициялық қамақты санкциялау — бұл халықаралық құқық саласындағы маңызды...

В рамках административного судопроизводства

Жилищные споры представляют собой конфликты, возникающие по поводу реализации...

Споры в сфере государственных услуг

Основными нормативными правовыми актами в сфере государственных услуг, в...

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...