12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік рәсімдер

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі-ӘРПК) қолданысқа енгізіліп, елімізде барлық мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар өз қызметтерінде әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру барысында осы Кодекс нормаларын басшылыққа алып жұмыс жасап жатқандарына екі жылдан астам уақыт өтті.
Жалпы алғанда, әкімшілік рәсімдердің міндеттері:
— жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру;
— жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу;
— тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету;
— мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау;
— жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.
Алайда іс жүзінде, мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар әкімшілік рәсімді қозғап, оларды қарау барысында осы Кодекс талаптарын сақтап жатыр ма?
Неліктен, мемлекеттік органдардың іс-әрекеті мен қабылданған шешімдеріне қатысты сотқа түсіп жатқан даулар толастамай отыр?
Әкімшілік органдар тарапынан қандай кемшіліктер мен заң бұзушылықтарға жол беріліп жатыр?
Сотқа түсіп жатқан жария құқықтық даулардың басым көпшілігі жолданымдарды қарау барысында әкімшілік органдар тарапынан әкімшілік рәсімдерді жүргізу тәртібі мен қағидаттарының бұзылуына қатысты болып отыр.
Соның ішінде, сотқа талап қою арызын берудің негізі болып отырған мәселелердің бірі – әкімшілік органдармен ӘРПК-нің 70-бабының талаптарының сақталмауы.
Кодекстің 70-бабы нені көздейді?
Онда, егер рәсімді жүргізу барысында мына мән-жайлардың тым болмағанда бірі болған кезде:
1) әкімшілік органның, лауазымды адамның жолданымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты әкімшілік іс бойынша шешімі бар болса;
2) сол нысана туралы және сол негіздер бойынша сол адамға қатысты шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар болса;
3) әкімшілік орган, лауазымды адам жолданымды қайтарса;
4) әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесінен жолданымды кері қайтарып алуды қабылдаса;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бар болса, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсім тоқтатылуға жататыны көзделген.
Сондай-ақ, әкімшілік орган, лауазымды адам өз бастамасы бойынша қозғалған әкімшілік рәсімді, егер әкімшілік рәсімді жүзеге асыру оны қозғауға негіз болған мән-жайлардың өзгеруіне байланысты қажет болмай қалса немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа негіздер бойынша тоқтата алады.
Әкімшілік рәсім әкімшілік органның, лауазымды адамның шешімімен тоқтатылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әкімшілік рәсімге қатысушыға хабарланады.
Әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін.
Мұнда, тоқтатылған рәсім бойынша арыз иесі қайта жолданым бере алмайды деген сөз емес, заң талаптарына сай бере алады, алайда, алдыңғы жолданымда көрсетілгеннен басқа жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бар болса, осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралған мәселе бойынша қайта жолданым беруге құқылы.
Сот тәжірибесінде, талап қоюшылар әкімшілік рәсімді тоқтату мәселелері бойынша әкімшілік органның іс-әрекетін даулаған талап арыздар түспеген, оның себебі әкімшілік органдар әкімшілік рәсімді тоқтату негіздемелері болса да, мысалы, жолданымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты әкімшілік іс бойынша шешімі бар болғанына қарамастан, дәл сол жолданымды қайта қарап, тиісті шешімдердің бірін қабылдап жатыр.
Мысалы, талап қоюшы А.Ш., Шымкент қаласының әкіміне жер учаскесін аукционға қойып, сатуға шығаруды міндеттеу туралы талап арызымен сотқа жүгінген.
Аталған істі қарау барысында, А.Ш., алғаш рет мемлекеттік органға осы мәтінде, сол негіздермен бұған дейін жүгінгені, оны қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы қарап, дәлелді бас тарту жолдағаны анықталған.

Аталған шешім А.Ш., сотқа дауланып, әкімшілік соттың 2022 жылғы 3 қарашадағы шешімімен талап арызды қанағаттандырудан бас тарту жөнінде шешім қабылданған.
Алайда, А.Ш., сол нысана туралы және сол негіздер бойынша сол адамға қатысты шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар екеніне қарамастан, қайталап сол нысана туралы және сол негіздер бойынша мемлекеттік органға арызбен жүгінген.
Ал, мемлекеттік орган жолданым бойынша әкімшілік рәсімді тоқтатуға толық негіз бар екеніне қарамастан, яғни сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған шешім бар екеніне қарамастан, жолданымды қайта қарап, қайталап бас тарту жөнінде шешім қабылдаған. Осы бар тарту шешімін А.Ш., сотқа қайта дауланған.
Сот, істі қарап, талап арызды ӘРПК-нің 138-бабының 2-бөлігінің 12) тармақшасының негізінде қайтару туралы ұйғарым шығарған.
Осы тектес кемшіліктер, М.П., Б.Е.,Т.Р., талап арыздарын қарау кезінде де анықталған, анықталған заң бұзушылықтар жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға қатысты жеке ұйғарымдар шығарылған.
Сонымен қатар, әкімшілік органдармен ӘРПК-нің 64-бабының 6-бөлігінің талаптары сақталмайтыны да сот тәжірибесінде кездесіп жатады.
Бұл нормада жолданым осы Кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесіне жүгіну қандай талаптарға сай келмейтінін көрсетеді және оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді.
Егер арыз иесі жолданымды әкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмесе, әкімшілік орган, лауазымды адам оны қайтарады.
Яғни, әкімшілік органдар, жолданымдар бойынша талапқа сай келмейтін жолданымдарды талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілемей, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады деп дәлелді бас тартулар беріп жатыр.
Мысалы, жолданымға арыз иесі немесе оның өкілі қол қоюы тиіс, жолданымға арыз иесі емес оның сенімді өкілі қол қойған, тиісті веб порталмен жіберілмеген деген негіздермен қызмет көрсетуден бас тартылып жатқаны анықталып жатыр.
Бұл жағдайда көрсетілген нормаға сәйкес, арыз берушіге ақылға қонымды мерзімді белгілеп, егер ол арызын талапқа сәйкестендірмесе, қайтару қажет. Бір қарағанда, болмашы әрекет ретінде көрінгенмен, бұл да Әкімшілік рәсімдерді қарау барысында сақталуы тиіс талаптардың бірі болып табылады. Сондықтан, осы мәселелерге де ден қойып, әрбір түскен жолданымдарды мұқият қарап, зерделеп отыруды қажет етеді.
Сол себептен, сотпен әкімшілік органдардың өкілдерімен осы тақырыпта дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп, онда сот тәжірибесінде кездесіп жатқан нақты мәселелерге тоқталып, азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен жария құқықтық қарым қатынасы кезіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, түсіп жатқан жолданымдарды заң аясында қарап, жіберілген кемшіліктерді түзеп, келешекте болдырмау мақсатында бірлесіп жұмыс жасауға шақырудамыз, себебі мақсатымыз бір, жария құқықтық қарым қатынас кезінде заңдылық сақтау, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын бұзбау, бұзылған болса, сол құқықтарды қалпына келтіру болып табылады.

Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының

судьясы Г.Т.Калдыбекова

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...