Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаменті аумақтық пробация қызметтерінің есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында, есепте тұрған сотталғандарды бірлесіп тұрғылықты жерлерінен тексеру жұмыстарын жүргізу үшін, ағымдағы жылдың 20-30 караша аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі және пробация қызметтерінің өзара іс- кимылының тиімділігін арттыру, пробация қызметінде есепте тұрған сотталған тұлғалардың тарапынан жаңадан құқық бұзушылықтар және кайталама қылмыстың жасауының алдын алу мақсатында № 2 Көкпекті аудандық ПҚ қызметкерлері, Самар ПБ ЖПҚБ УПИ қызметкерлерімен 2011.2023 ж., бастап 30.11.2023 ж., аралығында «Қауіпсіз қала» атты жедел профилактикалық іс – шарасын өткізуде.
Аталған уакыт ішінде № 2 Көкпекті аудандық ПҚ есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар күндізгі және кешкі уакытта тұрғылықты жері, жұмыс орны және оқу орны бойынша тексеріледі. Әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеру және қылмыстың қайталануын уақыттылы анықтау үшін жүргізеді. Бас бостандығын шектеуге сотталған В.В. жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын қасақана бұзғаны, сондай-ақ оған сот жүктеген міндетті орындамағаны үшін Самар аудандық сотына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны ауыстыру туралы мәселені шешу үшін ҚР ҚК 44-бабының 3-бөлігінде көзделген ұсыным мен материал жіберілді. Сондай-ақ, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін бір сотталушыға бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ескерту түрінде жазбаша жаза қолданылды.
ШҚО бойынша ҚАЖД
№2 Көкпекті аудандық ПҚБ
инспекторы әділет аға лейтенанты
Е.А. Рустемов


