Абай облысында қауіпсіздігі аралас колония қызметкерлері мен Абай облысы бойынша ҚАЖ ардагерлері кеңесінің қызметкерлері отставкадағы әділет полковнигін, қылмыстық атқару жүйесінің ардагерін 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Жолдасбеков Бауыржан Асқарұлы Кеңес Армиясы қатарына қызметке кірген кезде өзінің нысанды киім киетін қызметкер болатынын білген. Сөйтіп, 1974 жылы КСРО Ішкі істер министрлігі мектебіне оқуға түсіп, лейтенант шенін алды. Одан кейін Қарағанды қаласындағы Жоғары милиция мектебіне оқуға түсті. Ол еңбек жолын Семей қаласындағы ОВ-156/14 мекемесінде жасақ бастығы болып бастады. Қылмыстық-атқару жүйесінде 23 жыл үздік қызмет атқарып, 2003 жылы колония бастығының тәртіп және жедел жұмыстары бойынша орынбасары лауазымынан зейнеткерлікке шықты. «Қылмыстық-атқару жүйесiнiң үздiгi», «Қазақстан полициясына 30 жыл» медальдары «1,2,3 санаттағы төсбелгілерінің» иегерi. Ардагер жас қызметкерлермен өзінің кәсіби шеберлігін куана бөлісіп отырған.
«Бауыржан Асқарұлы жеке тәртіпті, лайықты құрметке ие, жұмыс тәжірибесі мол, жақсы білім иеленген жан. Кезінде одан асқан білікті тәлімгерді іздеп таппас едіңіз. Бүгін Асқарұлы 70 жылдық мерейтойын ауруханада өткізіп отыр. Осыған қарамастан, біз оны туған күнімен құттықтауды жөн көрдік. Дәрігерлердің айтуынша, ардагер өзін жақсы сезінеді, алдағы апта ішінде емханадан шығады екен», — дейді Абай облысы бойынша ҚАЖ ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Ахметжанов.


