Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу өзекті мәселелердің бірі

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықпен күрес мәселелері қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуда әрқашан жетекші орындардың бірін алып келеді. Жас құқық бұзушылардың саны еліміздің қазіргі және болашақтағы әлеуметтік жағдайының көрсеткіші болып табылады. Таяуда  тұрақты даму мақсаттарының 16-мақсатын іске асыру шеңберінде,  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығын мерекелеу қарсаңында, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен, М.Есболатов атындағы ҚР Ішкі Істер Министрлігінің Алматы академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің 2 курс докторанттары Әбікенов А.Н., Құрманғалиева Л.Ж., Аманова Д.Т., Сисенов Н.М. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 2 курс студенттерімен кездесіп, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс кәмелетке толмағандардың психофизиологиялық ерекшеліктерінен туындайтын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру мақсатында өткізілді. Докторанттар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың себептеріне тоқталды, олардың жеке басының ерекшеліктері мен жасаған қылмыстарының сипатын ескере отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырды. Студенттер, өз кезегінде, жұмыссыздық, маскүнемдік, нашақорлық, адамгершіліктің құлдырауы осы түрдегі қылмыстардың деңгейіне әсер етпей қоймайтынын атап өтті. Осы тақырып бойынша студенттер көптеген мазалаған сұрақтарына жауап алып, толығымен қанағаттанды. 

Ақболатова М.Е

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы

Отдых на воде начинается с правил 

С НАЧАЛА КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УЖЕ УТОНУЛИ...

Жара алкоголю – не помеха

В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ОПЕРАТИВНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОГО МЕРОПРИЯТИЯ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА»,...

Все тайное становится явным…(Отголоски января 22-го…) 

СПУСТЯ ЧЕТЫРЕ ГОДА ПОСЛЕ ТРАГИЧЕСКИХ СОБЫТИЙ ЯНВАРЯ 2022 ГОДА...

Наследство без спешки: почему нотариус ждет?

ПОСЛЕ СМЕРТИ БЛИЗКОГО ЧЕЛОВЕКА РОДСТВЕННИКИ НЕРЕДКО СТАРАЮТСЯ КАК МОЖНО...

 «Ключи» от родины

ВОПРОСЫ МИГРАЦИОННОЙ ПОЛИТИКИ НА ФОНЕ МИРОВЫХ ТЕНДЕНЦИЙ СЕГОДНЯ ПОЛУЧИЛИ...