Полиция алматылық жүргізушілерге ескерту жасады

Ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жүргізушілерді қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын. Ауа райының нашарлауы бірінші кезекте жалпы жол жағдайына әсер етеді. Осыған орай, көлік жүргізушілеріне көліктерін қыс маусымына алдын ала дайындап, дөңгелектерін ауыстыруға шақырамын. Ал ең бастысы – жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз сақтап, көлік жүргізу мәдениетінің деңгейін көтеру. Бұл қала жолдарындағы қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектеседі. Өзара сыйластық пен тәртіп – жол қауіпсіздігінің кепілі және еліміздің ең ірі қаласында жол-көлік оқиғаларын болдырмаудың шешуші факторларының бірі», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.

Еске салайық, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 20-30 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ол жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған.

Биылғы 10 айда Алматыда 2991 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 84 адам қаза тауып, тағы 3211 адам жарақат алған.

Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

«Платишь – молчишь. Эта эпоха заканчивается»

Максут Насибулов - о реформе жилищного управления, исчезающих деньгах...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

Пробация қызметінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілттерін табыстау салтанатты рәсімі өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде пробация...