12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Электронды формат жұмыс сапасын арттыруда

Сот жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу заман талабы. Дамыған
елдерде электронды сот өндірісі қарқынды дамыған. Қазақстандық соттар
бұл үрдістен қалған жоқ, сала жұмысын жетілдіруде тың реформаларды
сәтті қолға алуда.

Мәселен, еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық
даму жоспарында қылмыстық сот өндірісін электрондық форматқа кезең-
кезеңімен көшіру жоспары нақтыланған болатын. Ондағы басты мақсат
қылмыстық сот ісін жүргізуге сандық технологияларды енгізу, сол арқылы
қылмыстық процестің мерзімін қысқарту, ең бастысы жүйе жұмысын
қағазбастылықтан арылту, сол арқылы әділдікті қамтамасыз ету болды.
Республикамыздағы кез келген реформа халық игілігі үшін жүзеге
асырылады десек, бүгінгі нәтиже күтілгендегідей деңгейде. Бұл тұрғыда
атап өтерлігі, электронды сот ісі азаматтар мен сот және құқық қорғау
органдары арасындағы қарым-қатынасты одан әрі оңтайландырды. Оның
басты себебін соттардың ашықтығы мен қолжетімділігінің, жеделдігінің
артуымен байланыстыруға болады. Ал, ашықтық бар жерде істің созбалаңға
салынбай, жұмыс сапасы жақсаратыны, заңдылық орнайтыны, сотқа деген
сенімнің өз-өзінен нығаятыны айдан анық. Жұмыс процесі халықтың көз
алдында атқарылуда.
Мысалы, электронды форматта істің бұрмалануы болмайды, оның
айтарлықтай ерекшелігі іс материалдары ақпараттық жүйеде цифрлы түрде
сақталады және олардың жойылып кетпеуі, яғни, қауіпсіздігі жоғары
деңгейде қарастырылған. Бұған қоса процестік құжаттардың барлығында
электрондық карточка бар. Сот актілері базаға дер уақытында енгізіледі.
Айта кетерлігі, сот кабинеті арқылы соттардың электрондық сервистеріне
қол жеткізіледі. Аталған сервистің тиімділігі адамдар, тұлғаның өкілі немесе
заңгерлер кез-келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ
интернет желісі арқылы сот құжаттарын жолдап, оны қарай алады.
Төрелік ақпараттық жүйесі, электронды шақыру қағаз, сот құжаттарымен
танысу, SMS–хабарлама сервистері, талдау форумы, сот органдарымен
байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын
құрылғылар, бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді
жаңа ақпараттық технологиялар қызметі, соттардың ахуалдық орталығы, т.б.
соттарға да, сот қызметіне жүгінушілерге де ыңғайлылық тудырды, уақыт
пен қаржыны үнемдейді.
Электрондық талап-арыз тіркелгеннен кейін ол сотпен қаралып,
қабылданғаны немесе кейін қайтарылғаны туралы хабарлама талапкерге
электрондық портал арқылы немесе SMS хабарлама арқылы жіберіледі.
Ескерерлігі, сотқа сот кабинеті арқылы жүгінуде азаматтың цифрлы
қолтаңбасы болуы керек.
Ақпараттық технологиялар мен оның негізіндегі ақпараттандыру
процесінің барлық салада қолданылуы сыбайлас жемқорлықтың жолын
кесіп, өркениетке бастайды.

Дінасыл Жанатқызы,
Түрксіб аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...