12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША TELEGRAM ЧАТ ҚҰРЫЛДЫ

Күнделікті республика азаматтарының басым бөлігі мемлекеттік органдар мен ұйымдармен өзара қатынастарға түсуде. Азаматтардың мемлекеттік ұйымдармен өзара қатынасқа түсуі көп жағдайда мемлекеттік қызметтерді алу мәселесімен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.

2022 жылы Қазақстанда 270 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.Бұл өз кезегінде азаматтарымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі маңызды орын алғанын ерекше атап өтуге болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің басым бағыттарының бірі олардың көрсетілген орасан санында ғана емес, қызмет алушыларға сапалы қызмет көрсетуге бағытталғанын ескерген жөн.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне және оның аумақтық департаменттеріне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функция жүктелген.

Қазіргі таңда азаматтардың құқықтарын заңнамалық қорғаудың жүйесі Агенттікпен аумақтық бөлімшелердің күнделікті іс-қимыл алгоритмін үйлестірумен тиімді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша Департаменттің өкілеттіктеріне өтініштерді, хабарламаларды, сұрау салуларды, үн қатуларды, ұсыныстарды, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарын қарау кіреді.

Мәселен, Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындайтын мәселелерге жедел назар аудару және көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау мақсатында Агенттіктің тапсырмасы негізінде Алматы қаласы бойынша Департаменті Алматы қаласын цифрландыру басқармасымен бірлесіп, «Onay_qyzmet_Almaty» Telegram чатын құрды.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша халыққа жедел көмек көрсету мақсатында бұл чат құрылған.

Аталған чатта, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру, халықпен кері байланыста болу, хабардарлығын жақсарту көзделген.

Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің өкілдері енгізілген, бұл мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындаған мәселелерге жедел түрде жауап беруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Н.Узбеханов

Қазақстан Республикасында істерді дайындау және оларды апелляциялық сотқа беру

            Апелляциялық іс жүргізу — бұл бірінші сатыдағы соттың сот актілерін (шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын)...

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...