«Ұлттық құндылық-қайырымды қоғам» атты семинар-практикумы өз мәресіне жетті

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығы ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылық-қайырымды қоғам» атты семинар-практикумы өтті.Іс-шараның мақсаты:

-ұлттық құндылықтарды іске асыру шеңберінде жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру, білімді кеңейту;

-ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау арқылы – қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру;

-ұлттың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қолдау мен дамыту;

Ұлтымыздың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халықтың мүддесі мен мұқтажын жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деген. Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы –  тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сондықтан әсіресе қазіргі жаһандану кезеңінде оны сақтап қалу, ұрпақ бойына сіңірудің маңызы зор. Өйткені, бүгінгі ұрпақ бойына «ұлттық код» ұғымын қаншалықты терең сіңірсек – ол біздің ертеңгі ұлт болып қалуымыздың кепілі. Сондықтан да кешеден бүгінге сол құндылықтарымыз  қалай жетті, ертеңгі күнге жеткізе аламыз ба? -, деген сұраққа жауап алуымыз керек.Рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, жастарды тәрбиелеудегі заманауи үдерістерді қалыптастыруға бағытталған идеологиялық бағдарламаларды түсіндіру.

Семинарға мемлекеттік қызметкерлер (қала және аудан әкімдіктері  мамандары), Жоғары оқу орындарының, колледждердің,  мектептердің, кітапханалардың және музейлердің қызметкерлері қатысуы қарастырылған. Сонымен қатар, іс-шара барысында тәжірибелік жұмыстар, тақырыптық ой бөлісу жүргізіліп, сертификаттар табысталады.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...