12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мүмкіндіктер мекені — ҚазҰУ!

Қазақ ұлттық университеті – іргелі білім ошағы, ғылым мен мәдениеттің орталығы. Халқымыздың заңғар перзенттері қызмет еткен, талай талантты ұл-қыздарымыз шыққан қара шаңырақ. Ғылым мен қоғам қайраткерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеп шығаратын алтын ұя. Бүгінгі заман – ой мен өрісті, ізденісті талап ететін және ғылыми жаңалығы көп жаңашыл кезең. Сондықтан заман талабына сай сұраныстағы мамандық – құқықтану, заңгер мамандығы. Осы орайда еліміздегі заңгерлерді дайындауда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін ерекше атап өтуге болады. Өйткені, қазақ жеріндегі аталмыш маман иелерін дайындауда бұл білім ордасының алар орны ерекше. Біздің университетіміздің заң мамандығын бітірген түлектер әмбебап қызметкер қатарында болары анық.Сөзім дәлелді болуы үшін мысалдар келтіріп өтейін. Мәселен, заң факультетінің білім беру бағдарламасын игеріп, сәйкесінше дипломды алған түлек  құқық қорғау органдарында қызмет атқарады.Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.Құқық қорғау органдары жүйесі заңды нақты ұстану қағидасы негізінде әрекет етеді.Заңға бағыну- құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Демек,ата-заңға адалдық пен елімізге қалтқысыз еңбек ету.

 Заң факультетінің дамуының барлық кезеңдерінде оның қызметі Қазақстанның қоғамдық өмірімен, еліміздің экономикасының қажеттілігімен, құқық саласындағы жоғары білікті ғылыми, тәжірибелі кадрлармен қанағаттандыруымен тығыз байланыста болғанын айта кеткен жөн. Заң ғылымы, құқықтану, заң ілімі – құқықты әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі ретінде зерделейтін және құқықты қолдану қызметінің алуан түрлі қырларын зерттейтін қоғамдық ғылым.   Факультеттің миссиясы әрі мақсаты – мемлекеттік-құқықтық мәселелерді шешуге қабілетті, біліктілігі жоғары заң саласына маман даярлау,еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру. Университетте білім беру ісі реформаға сәйкес,оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің ашықтығы, білім алушылардың академиялық біліктілігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚАЗҰУ-дың білім реформаларына сәйкес өзгерістер енгізіп,шетелдік университеттермен тығыз қарым-қатынаста болуы нағыз маман тәрбиелеу жолына салынған  үлкен күш деп санаймын. Бүгінгі жаңарған талаптар қоғамы ең алдымен нағыз маманды көбірек бағалайды. Кәсіби шеберлігі жоғары маман дайындау  университетіміздің– ежелден келе жатқан дәстүрлі міндеті. Сондықтан болашақта еліміздің іргесін ұстайтын ұрпақ даярлау жолында ел алдындағы жоғары жауапкершілікті сезіне отыра,оқытушылар осы бағытта шәкірт тәрбиелеуге әрдайым дайын екенін үлкен мақтанышпен айта аламыз.

Мұқалдиева Г.Б

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының доценті,з.ғ.к

Тоқан С.М

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің магистранты

ҚазҰУ-дың еліміздегі  білім мен ғылымды дамытудағы рөлі

   әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті -Қазақстандағы жетекші жоғары...

Қара шаңырақ ҚазҰУ-ға 90 жыл!

  Қазақ ұлттық университеті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)- Қазақстанның білім...

Народный трибун, ученый, наставник

Вот уже пять лет нет с нами нашего наставника...

Сапалы білім-қоғам дамуының негізі

Сапалы білім – бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарының бірі....

Ориентир для развития

В ежегодном Послании народу Казахстана Глава государства говорил о...