12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Лудомания

Атырау облыстық сотында Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселелері бойынша семинар өтті.

Департамент басшысының орынбасары (Әдеп жөніндегі уәкіл) Руслан Кулмуханов өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қарашадағы Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемесіне баруына тыйым салуды көздейтін өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

«Лудомания-бұл адамның денсаулығы мен өмір сапасына елеулі әсер ететін психикалық ауру. Ойынға тәуелділік отбасындағы елеулі қақтығыстар, жақындарымен және достарымен қарым-қатынастың үзілуі, қаржылық жағдайдың нашарлауы және кәсіби қызметтегі қиындықтар секілді отбасылық және әлеуметтік мәселелерге әкеледі. Мұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасау тәуекелдерін арттырады», — деді Р.Кулмуханов.

Ол сондай-ақ ашықтық, клиентке бағдарлану, соттарда кері байланысты қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.

«Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, сондықтан біз әдепті мінез-құлықтың үлгісі болуға және Әдеп кодексінің қағидаттары мен талаптарын қатаң сақтауға тиіспіз», — деп толықтырды спикер.

Іс-шара соңында облыс соттары әкімшілерінің басшыларына қызметкерлердің жұмысын күнделікті бақылауды, олардың әлеуметтік өміріне кәсіби қызығушылық танытуды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау және ақпараттандыру бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект...

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық...

Тіл – тұрақтылық кепілі

Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін,...

Судья әдебі ережелерін қатаң сақтау сот беделін нығайтады

Судья әділдіктің айнасы, тура төреліктің кепілі, заң үстемдігінің символы...

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы еркін бәсекелестік қағидаларына негізделген. Бәсекелестікті...